• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Т.Рысқұлов ауданының тұрғынының кәсібі берекелі болайын деп тұр

03 Желтоқсан, 20173480


Бүгінде мемлекетіміз кәсіппен айналысқысы келген азаматтарға немесе кәсіпбін кеңейткісі келгендерге барынша қолдау көрсетіп келеді. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан қабылданған әр түрлі бағдарламалар мен жобалардың тұрғындардың тұрмысын түзеуіне тигізер септігі мол екенін айта кетуіміз керек. Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» екінші бағыты бойынша биылдан бастап жүзеге асырыла бастаған «Бастау Бизнес» жобасы аз ғана уақыттың ішінде өз жемісін бере бастады. Әзірге пилоттық жоба негізінде Шу, Қордай, Т.Рысқұлов, Меркі, Жуалы, Байзақ аудандарының тұрғындары жергілікті жерлерде ашылған бизнес мектептер арқылы арнайы курстардан өтіп, қаржылай қолдауға ие болып жатқан жайы бар. Мақсат – тұрғындарды кәсіпкерлік бағытта арнайы курстарда оқытып, әсіресе, жастардың өз кәсібін ашуына мүмкіндік жасай отырып, елдегі жұмыссыздықты жою. Осындай мүмкіндікті қалт жібермей, бизнес саласында өз идеясын жүзеге асырған жастардың бірі – Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны Мирас Жорабек.

Жұмыс жоқтығын алға тартып, қол қусырып отыруды жөн санамаған Мирас Болатұлы алғашында қандай да болсын бір кәсіп түрімен айналысуға бел байлайды. Жалпы, кез келген істі бастап кету үшін әңгіме алдымен қаржыға келіп тірелетіні хақ. Сол секілді кейіпкеріміз де алдына үлкен мақсат қойып, кәсіп ашуға белді бекем буғанымен, қаржы тапшылығы жолын кес-кестейді. Ауылдық жерде мал шаруашылығымен айналысу қолайлы екенін ескеріп, әр түрлі жұмыстар істеу арқылы жиған қаражатына үйінің ауласынан мал бордақылау алаңын салған. Қора-жай мәселесін шешкенімен, мал сатып алуға қомақты қаражат таппай, арада біраз уақытын өткізіп алған. Дегенмен, ол ойға алған ісін аяқтау үшін мемлекеттік бағдарламаға қатысуды жөн деп тауып, аудандық кәсіпкерлік палатасына жүгінген.

– Қаражат таппай қиналып жүргенімде ауылдастарымнан «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы қаржы алуға болатынын естідім. Бағдарламаның шарттарын түсінбегеннен кейін аудандық кәсіпкерлер палатасына арнайы бас сұғып, білікті мамандардың жөн сілтеуімен көптен бері мазалап жүрген сұрақтарыма жауап алғандай болдым. Палата қызметкерлері қысқа мерзімді оқыту курсынан өтіп, өзім ұсынған бизнес жоспарымды қорғай алсам, мемлекет қаржылай қолдау көрсететінін айтты. Осылайша, ауданда «Бастау Бизнес» бағдарлама бойынша алғашқылардың бірі болып, сәуір-мамыр айы аралығында оқыту курсынан өттім. Қажетті құжаттарымды дер кезінде өткізіп, мал ұстайтын қора-жайым да талапқа сай болған соң, 4 миллион теңге несиеге қол жеткіздім. Алған несиемді 6 пайызбен 6 жарым жылда қайтарамын. Жалпы, қазіргі таңда кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар үшін еліміз барлық мүмкіндікті қарастыруда,–дейді Мирас Жорабек.

Жас кәсіпкер алған несиесіне 19 бас мүйізді ірі қара және малға азық ретінде 10 тонна жем, 1 000 түктен аса жоңышқа сатып алыпты. Жеке кәсібін бастау жолындағы бастамасы сәтті басталғанын сөз еткен Мирас Болатұлы келешекте шаруа қожалығын ашу ойында бар екенін жасырмады.

Ал, аудандық кәсіпкерлер палатасының бизнес тренері Талғат Мурходжаев өз кәсібін ашқысы келетіндердің арасында жастардың белсенділігі күн өткен сайын арта бастағанын айтады.

Жалпы, тұрғындарды қысқа мерзімді оқыту курстарынан өткізу немесе қайта даярлау, оларды кәсіпкерлікке баулып, қаржылай қолдау көрсету мақсатында қолға алынған «Бастау Бизнес» жобасы арқылы осы күнге дейін облыс бойынша 1 125 адам оқытылса, соның 89-ы Т.Рысқұлов ауданына тиесілі екен. Халықты кәсіптік бағытта оқытудың қазіргі таңда алтыншы легі аяқталыпты. Оқу мерзімі 1 ай. Осы мерзім ішінде олар 80 сағат бойы теориялық тұрғыда оқытылып, 120 сағат жеке кеңес алатын көрінеді. Бағдарламаға қатысушылардың әр қайсысы бизнесті психологиялық тұрғыдан ойлауды, бизнес жоспар құруды үйреніп, кіріс-шығыс пен есеп жүргізу, мемлекеттік бағдарламалардың түрлері, мақсатымен танысып, кәсіпкерлік ісіне заңдық тұрғыда жетік болуды, маркетинг, сату, сатып алу секілді бизнес құпияларының қыр-сырын бүге-шүгесіне дейін меңгеріп шығады екен.

– Бүгінде ауданда 47 адам өз бизнес жоспарын сәтті қорғап, олар 179 миллион теңгеге қол жеткізді. Оқытылғандардың 26 пайызы жастар болса, соның ішінде 10 шақтысы қаржылай қолдауға ие болды. Олар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы қаржылай қолдауға ие болуда. Жақында, Сөгетті ауылының 18 жасар тұрғыны 6-ы лек бойынша оқып, 1 миллион 300 мың теңгеге қол жеткізді. Жастығына қарамай өз талпынысы арқасында дегеніне жеткен жас кәсіпкер қазір қой шаруашылығымен айналысуда. Бұл ауыл жастарының аталған бағдарламаға қатысуға деген талпынысы қарқын алып келе жатқанын көрсетеді, – дейді Талғат Қанатұлы.

«Жас келсе іске...» демекші мемлекет осындай көмек қолын созып отырғанда өңір жастарының жұмыссыз жүргені жарамас. Кәсіпкер үшін жасалған мүмкіндікті жатсынбағанның жағдайы жақсарып отырғанын көз көруде. Сондықтан, ойға алған ісі табыс әкелетініне көзі жетіп тұрған өрендер осы бағдарламаға қатысуға бел буғаны дұрыс. Өйткені, өз кәсібін ашқандар өзін ғана емес, өзгені де жұмыспен қамтып оыр. Бұл халық, мемлекет үшін зор пайда.

Алдияр Барысхан,

Жамбыл облысы

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>