• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Таразда тағы екі ықшам аудан бой көтереді

03 Желтоқсан, 20173150


Жыл басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысын жандандыру, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жеделдету туралы бірқатар тапсырмалар бергені мәлім. Тапсырмаға сай өңірлерде құрылыстың қарқын алуына қомақты қаржы да бөлінді. Өз кезегінде, соңғы жылдары әлеуеті жыл санап арта түскен Әулиеата өңірінде де бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып келеді. Таразда жыл санап қоныс тойын тойлаушылардың қатары артып келеді. Одан бөлек, облыс орталығында екі жаңа ықшам ауданның қазығы қағылып, ондағы құрылыс жұмыстары басталып та кетті. 

Үстіміздегі жылы қала бюджетіне құрылыс жұмыстары үшін 10 миллиард 967 миллион қарастырылса, оның 7 миллиард 911,4 миллион теңгесі «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы арқылы бөлінген.

Облыс орталығында жыл басынан бастап «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жаңадан 14 және 15-ықшам аудандарын салу жұмыстары басталып кетті. Аталған мақсатта Тараз қаласы аумағынан 462 гектар жер телімі бөлінді. Сүлейменов көшесінің соңынан салынатын 15 мөлтек аудан үшін 362 гектар жер телімі бөлінді. Егжей–тегжейлі жоспарға сай бұл ауданда 309 көп қабатты 922 жеке тұрғын үй бой көтермек. Онда бірқатар әлеуметтік нысандар да салынады. Атап айтқанда, 2 балабақша мен 2 мектеп, 1 емхана 1 перенаталдық орталығы ықшам аудан тұрғындарының игіліне беріледі. Ал «Автобекет» аумағында бой көтеретін 14 ықшам ауданы үшін 100 гектар жер телімі бөлінді. Талапқа сай бекітілген жоспар бойынша мұнда 49 көп қабатты тұрғын үй салынатын болады. Жалпы көлемі 355 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй кешендеріне 16 мың тұрғын қоныстанбақ. Одан бөлек 3 бала бақша, 2 мектеп, аусымына 500 келушіге арналған емхана, 200 төсектік онкологиялық диспансер және таға да басқа әлеуметтік нысандар да 14-ықшам ауданның ажарын ашып, тараздықтардың кәдесіне жарайтын болады.Жаңа ықшам ауданның бір бөлігінде Талас өзені жағасында демалыс саябағы да салынады.

Айта кету керек, тәуелсіздік алғаннан бері облыс орталығында бірнеше ықшам аудандар бой көтерген болатын. Құрылысы 2008 жылы басталған «Бәйтерек» шағын ауданында қазір 6 қабатты 70 пәтерлі бір үй, барлығы 1 460 пәтерді құрайтын 5 қабатты 23 үй, әрқайсысы 200 төсектік екі аурухана, 280 және 75 орындық екі балабақша пайдалануға берілді. Жеке қаржылары есебінен «АрайСтройМаркет» жауапкершілігі шектеулі сетіктестігі 5 қабатты 75 пәтерлі екі үйдің, «Сенім» жауапкершілігі шектеулі сетіктестігі 9 қабатты 240 пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Олардың қайсыбіреулері пайдалануға да беріліп, жаңа пәтер иелері қоныс тойларын да жасап үлгерді.

Қорыта айтқанда, Таразда жыл санап құрылыс қарқын алып келеді. Сол арқылы екі мыңжылдық тарихы бар шаһардың көркіне көрік қосылып келеді. Өз кезегінде, бұл аймақ әлеуетінің артқандығының нақты мысалы болмақ.

 

Алдияр Барысхан,

Жамбыл облысы

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>