• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жамбылда өндірілетін астықтың 34 пайызы Құланда өсіріледі

03 Желтоқсан, 20173820


Егер тарих тұңғиығына көз жіберетін болсақ, бүгінде құрылғанына 80 жылға таяу уақыт болған Т.Рысқұлов ауданы қай кезде болмасын кең байтақ республикамыздың гүлдене түсіп, экономикасының нығаюына барынша мол үлес қосып келе жатқанын байқаймыз. Аудан орталығы – Құлан ауылы, яғни, ежелгі Құлан қалашығының тарихы тереңнен бастау алады. Көненің көзі атанған осынау ежелгі қала кезінде атақ-даңқымен төрткүл дүниеге мәлім болғандығы белгілі. Бүгінде осынау іргелі ауданды басқарып отырған Асқар Қырықбаев Құланның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы, асыраушы сала ауыл шаруашылығы жайында кеңінен көсіле баяндады.

- Ауылшаруашылығы ауданымыздың негізгі өндіріс саласы болып табылады. Бұған дәлел ретінде облыста өндірілетін астықтың 34 пайызы біздің ауданда өсірілетіндігін айтсақ та жеткілікті. Бүгінгі күні 142,458 гектар егістік жер толық игеріліп отыр. Оның ішінде 83,733 гектар алқапқа себілген масақты дақылдардың әр гектарынан орташа есеппен 25,5 центнерден дән бастырылып, 213,591 тонна астық қамбаға құйылды. Бидайдың әр гектарынан 26,5 центнерден алтын дән жиналды. «Луговой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Ақтоған», «Шәушен», «Шалқар» шаруа қожалықтары да татымды табыстарға қол жеткізді. Бақша дақылдарынан, көкөністен де мол өнім алынып отыр. Агроқұрылымдардың машина-трактор паркі жыл өткен сайын жаңарып келеді. Мәселен, биылдың өзінде лизинг арқылы 27,5 млн. теңгеге бес доңғалақты трактор, шаруа қожалықтарының өз қаражаттарына әртүрлі маркалы 8 ауылшаруашылық техникалары алынды. Аудан ритинг бойынша облыста алдыңғы қатарда. Мал өсіру – біздің ата-кәсібіміз. Бабаларымыз ықылым заманнан төрт түліктің тұқымын бұзбай, асылын жоғалтпай, жаз жайлауы мен қыс қыстауын, көктеуі мен күздеуін алдын ала белгілеп отырған ғой. Сондықтан да мемлекетіміз ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл тұқымды мал өсіруге ерекше назар аударып отыр. Бүгінде төрт түлік мал түгелдей дерлік жекешенің қолында. Осы малдыңтегін бұзбай, асылын іріктеп өсіруге бағытталған ірі бағдарламалар өмірге келді. Олар барлық жердегідей біздің ауданымызда да дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Атап айтатын болсақ, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4 шаруа қожалығы 41,9 млн. теңгеге 228 бас ірі қара сатып алып, бұл жөніндегі жоспар 106,4 пайызға орындалды. Сол секілді, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 11 шаруашылық 30,4 млн. теңгеге 1444 бас асыл тұқымды қой сатып алды. Сөйтіп, жоспар 173,2 пайызға орындалды. Асыл тұқымды жылқы өсіру 5 есеге артығымен

орындалып отыр. Істің көзін таба білген ілкімді азаматтар еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістері мен формаларын тиімді пайдаланып, толағай табыстарға қол жеткізіп келеді. Қазір еңбек етемін деген әрбір адамға барынша мол мүмкіншілік туғызылған. Кәсіпкерлікпен айналысасың ба, қызмет көрсету саласын таңдап аласың ба, өз еркің. Тек қана бүгінгі күн талабына сай жаңаша еңбек ете біл. Көкірек-көзіңді ояу, санаңды сергек ұста. Болашақты бағдарлай біл. Міне, осындай уақыт көшінен қалмай, заман ағымын, нарық заңын дұрыс түсініп, еселі еңбегімен ел құрметіне бөленіп жүрген парасатты жандар ауданда баршылық. Атап айтқанда, соңғы кездері «Шәушен» шаруа қожалығы асыл тұқымды қой, тұяқты тұлпарлар өсірумен және элита тұқымды егін шаруашылығымен тұрақты түрде айналысып келеді. Егіншілікті ғылыми негізде жүргізе білген қожалық өрендері жыл өткен сайын табысқа кенелуде. Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылыққа мемлекет тарапынан да үлкен қолдау көрсетіліп келе жатқадығын айта кеткен орынды. Шаруа қожалығының техникалық паркі де жыл сайын кеңейіп, жаңа техникалармен толығып келеді. Қожалық бүгінде 100-ден астам ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бұл, әрине, үлкен жетістік. «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар халқымызда. Бұл ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы өмірлік тәжірибесінен түйінделген философия. Осы қағиданы берік ұстанған қожалық жетекшісі Сайранбай Дөненбаев ауылын көркейтуді де назардан тыс қалдырған емес. Жарлысуды осыдан 10-15 жыл бұрынғы ауылмен салыстыруға әсте болмайды. Алыстан көз тартатын еңселі де әсем мешіт, 25 балаға арналған медресе, жұмыртқадай тізілген екі пәтерлі жаңа үлгідегі 10 тұрғын үй, 40 орындық интернат, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналып орнатылған еңселі ескерткіш, сол маңдағы аллея мен демалыс орны ауыл көркін ерекше ажарландыра түсуде. Осының барлығы да шаруа қожалығының жеке қаражатына салынып, ел игілігіне берілген зәулім ғимараттар. Қожалық табиғаты әсем тау бөктерінен қымызбен емдейтін сауықтыру орталығын ашып, облыс қана емес, республикамыздың түкпір-түкпірінен ниет білдірушілер қабылдауда. Қазір онда үлкен инфрақұрылым қанат жайып келеді. Сондай-ақ, биыл ауыл бүлдіршіндеріне арнап балалар бақшасын салып, пайдалануға беруді көздеп отыр. 3000 басқа арналған бордақылау кешені ет өндірісін дамытуға үлкен септігін тигізуде. Сол секілді ірі кәсіпкер Қоныс Сағынбеков өзі туған Қазақ ауылынан 25 орындық, аудан орталығынан 150 орындық балалар бақшасын салып, ел игілігіне айналдырды. Шүкір, ауданда қалталы азаматтар жетеді. Солар «Туған жерге – туыңды тік» деген бабалар өсиетін естен шығармай, ауылды көркейтуге өз үлестерін бұдан былай да қоса береді деп сенемін. Мұндай патриоттық сезім, туған жерге деген сүйіспеншілік жас ұрпаққа үлгі өнеге болып, олардың рухани жаңғыруына септігін тигізері сөзсіз,- дейді Асқар Санатұлы.

Алдияр Барысхан,

Жамбыл облысы

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>