• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО-да балабақшамен қамту мақсатына 1,9 млрд. теңге бағытталды

03 Желтоқсан, 20172970


Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы өтті. Жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.   Басқосуға облыс әкімі Ж.Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, облыстық, аумақтық департамент, басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияның жұмысын облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Қ.Б.Абасов жүргізіп отырды.

Бірінші кезекте халық қалаулылары облыстық маслихаттың «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу жайын талқылады. Нәтижесінде ішкі істер департамент қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын 25 пайызға ұлғайту мақсатында республикалық бюджеттен 569,9 млн. теңге бөлінетін болып бекітілді.

Сондай-ақ, сессия барысында облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі де қаралды. Халық қалаулыларының келісімімен облыстық мәслихаты комиссиясының құрамы өзгерді. 

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімімен Тасыбаев Әбдірахман Батырбекұлы берген өтінішіне сәйкес, 2017 жылғы 30 қарашадан бастап, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.

Өз кезегінде сөз алған өңір басшысы 2020 жылға қарай балаларды 100 пайыз балабақшамен қамту мәселесіне ерекше тоқталды.

 «Облыстық бюджет көлемі жалпы 518,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 32,4 млрд. теңгеге өсіп отыр. Балаларды балабақшалармен қамту деңгейін 85,5 пайызға жеткізу мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруға қосымша 1,9 млрд. теңге бағытталды. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылға қарай балаларды 100 пайыз балабақшамен қамту жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау қажет» - деді Жансейіт Түймебаев.

Сессияны қорытындылаған облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және халықты ауыз сумен қамту бағытындағы атқарылар мәселелерге басымдық беруді тапсырды.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>