• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО: Бәйдібек ауданында мерекеге орай жаяу жүргіншілерге арналған көпір пайдалануға берілді

01 Желтоқсан, 20172950


Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің салтанатты түрде ашылу рәсімі өттідеп хабарлайды arasha.kz.

Боралдай ауылдық округіне қарасты Орынбай Тайманов пен Ақжар елді мекендерін бөліп тұрған жаңа аспалы көпірдің ашылғанына жергілікті халық дән риза. Шараға Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрғали Айтбеков қатысып, көпірдің ауыл жұрты үшін қажетті болғандығын айтты. 

«Облыстық бюджеттен 45 миллион 306 мың теңге қаржы бөлініп, маусым айында ұзындығы 144 метр болатын аспалы көпір құрылысын қолға алған «ЖБИ-С» ЖШС-і белгіленген мерзімде ел игілігіне пайдалануға беріп отыр. Тұңғыш Президенті күніне орай беріліп жатқан көпір ел игілігіне қызмет ете берсін», - деді Нұрғали Мәметұлы.

Айта кетерлігі, біраз жылдардан бері 300-ге жуық тұрғыны бар Ақжар ауылын қосатын көпірдің нашарлығынан Боралдай өзенінен өту ауыл тұрғындары үшін қиынға соққан. Көптің тілегі орындалып, көпірдің   пайдалануға беріліп отырғандығына Ақжар елді мекенінің тұрғындары ризашылықтарын білдірді. Және де болашақта да осындай игі істер мен жақсы жаңалықтардың куәсі көбірек болуды айтысып тарқасты. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша айтулы мерекеге орай өзге де қуантарлық іс-шаралар өтті.

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>