• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Еңбек шартын жасамай жұмысқа қабылдауға болмайды

04 Желтоқсан, 20172770


Жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте қоғам қажетсініп отырған ұсыныс-пікірдің барлығы қамтылған. Дегенмен, қарапайым азаматтар ғана емес, заңды тұлғалар арасында да өз құқығын, өз жауапкершілігін жете түсінбейтіндер аз кездеспейді. Мәселен, жаңа құжаттың 86-бабына сай адамды еңбек келісім шартын жасаспай тұрып жұмысқа жіберуге тосқауыл қойылған. Алайда, «Сынақ мерзімін өткізу керек, жұмысшының қабілетін көру маңызды» дегенді желеу еткен жұмыс берушілер еңбек келісімшартын бірден жасамай, уақытты созып жүруді әдетке айналдырған. Тіпті, көңілі қаламаған жандарды түрлі сылтаумен жұмыстан шығарып жіберу де, айлығын мүлде бермей қою да мұндай жағдайда оп-оңай.

Өйткені, өз құқығын білмеген жұмысшылар екі қолға бір күректің табылғанына қуанып құжатттар толтыруды құнттамайды. Соның кесірінен кейіннен өзінің қашан жұмысқа қабылданып, оған қанша айлық төленетінін нақты айтып бере алмайды. Ал, қолында құжаты, немесе жұмыс істегенін дәлелдейтін куәгері жоқ азаматтардың сотта жеңіліс табатыны тағы түсінікті. Осындай олқылықтарды болдырмас үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жұмыс берушілердің жауапкершілігі де көтеріліп, айыппұлдар көлемі арттырылған.

Айталық, жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі – лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалса лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекет лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Заң бойынша талап қатайтылды. Дегенмен, жұмысқа, жалақыға қатысты мәселелер туындамас үшін еңбек келісімшартын мұқият оқып, қол қойғаннан кейін ғана еңбекке араласқан дұрыс. Құқықтық сауаты кемел адам ешқашан сергелдеңге түспейді.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>