• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жоғарғы Соттың абыройы – жалпы биліктің абыройы

04 Желтоқсан, 20171880


Осыдан ширек ғасыр бұрынғы сот пен бүгінгі соттың арасы жер мен көктей. Сот құрылымы орналасқан ғимараттардың өзінде оң өзгеріс бар. Бүгінгі сот ғимараттарын кез келген қонаққа ұялмай көрсетіп мақтануға болады. Онда судьялардың іс материалдарымен танысуына қолайлы жағдай жасалған. Сот мәжіліс залдарының өзі істің еш кедергісіз таразылануына сәйкестендіріліп жасалған. Онда судьяның, прокурор мен адвокаттың, сондай-ақ, қос тараптың арнайы орындары белгіленіп, қауіпсіздік шараларының бәрі қамтылған. Ғимарат табалдырығын аттағаннан бастап тәуелсіз ел сотынан хабар беретін ақпараттар жағалай орналастырылған. Сотқа келген азаматтардың өзіне керекті мәліметпен танысып, кеңес алуына еш кедергі жоқ.

Сондай-ақ, бүгінгі соттың адам танымастай өзеруіне заманауи технологияның ықпалы зор болғаны анық. Жаңа электрондық қызметтің енгізілуі саланы қағазбастылықтан арылтып, судьялар мен сот хатшыларының жұмысын едәуір жеңілдетті. Ендігі жерде жеке және заңды тұлғалардың талап арызын алып сот ғимаратына келуі, арызының тіркелуін күтіп уақыт оздыруы керек емес. Үйінде, кеңсесінде интернеті бар жандардың алысқа ұзамай-ақ талап арызын электрондық қызметтің көмегімен сотқа жөнелтуге мүмкіндігі бар. Заманның дамығаны сонша, арызды жолдаған сәттен бастап, оның әрі қарайғы қозғалысын бақылау да қолжетімді болып отыр. Сонымен қатар, енді республикамыздағы барлық сот отырыстары дыбыс-бейне құрылғыларына жазылатын болды. Бейнежазбаның жүргізілуі сот отырысының дер кезінде басталуына, сот процесіне қатысушылардың жауаптылығын арттыруға септігін тигізді. Бұған қоса, жазба жүргізілетіні алдын ала ескертіліп, азаматтарға түсіндірілетіндіктен қатысушылар көңіл-күйдың жетегінде кетпей, өз ойын қысқа да нұсқа, байыппен жеткізуге тырысатын болды. Яғни, бұл өзгеріс сот отырысының нақты деректер сарапқа салынып, іс жан-жақты таразыланатын алаң екенін, онда байбаламға, айғайға, жалған куәлікке орын жоқ екенін ұқтыра түсті.

Сот отырысының бейне таспасын алуға болатыны да оң өзгерістің бірі. Таспаның сақталатыны жалған айтып, жала жабушыларға тоқтам салғаны тағы шындық. Бұрын судьяның шешіміне риза болмаған тарап түрлі сылтау айтып сот құрылымын қаралауға әзір тұратын. Бейнетаспа шағым жазып шала тастауға құмар жандардың санын азайтты. Енді азаматтар «мені тыңдамады, екінші тарапқа көбірек көңіл бөлді, судья әділ төрелік жасамады» деп арызданбас бұрын таспаны қарап, өзінің ұстанымын жеті рет өлшеп, бір рет кесе алады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясын негізге ала отырып: «Қазақстанның сот жүйесі алдыңғы қатарда болуы қажет. Бұл туралы мен Стратегияда нақты көрсеттім. Барлық құқық қорғау органдары ішінен ең жоғары тұрғаны Жоғарғы Сот болып табылады. Жоғарғы Соттың абыройы – Қазақстанның абыройы, жалпы биліктің абыройы», – деп еліміздегі соттардың беделіне айрықша баға берді. Қазір сол артылған сенімді ақтап, үшінші биліктің беделін көтеру үшін барлық мүмкіндік жасалуда.

 arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>