• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Түзелем дегендерге мүмкіндік бар

04 Желтоқсан, 20171910


Елімізде жазаны ізгілендіру бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр. Әсіресе, қателігін түсініп, өз кінәсін мойындағандардың түзу жолға түсуіне мүмкіндік мол. Мұндай оң ниет соңғы жылдары қабылданған заңнамалардан да анық байқалады. Жаңа Қылмыстық-процестік кодексте де жазаны жеңілдетуге, ізгілендіруге қатысты өзгерістер баршылық.

Мұндағы ең үлкен жаңалық – процестік келісім қағидасының тәжірибеге енгізілуінен көрінеді. Қылмыстық процестегі келісім институты кінәні мойындау туралы мәмілені, ынтымақтастық туралы келісімді жүргізу мақсатында қолға алынған. Бүгінде республика соттарында кеңінен қолданылып келе жатқан бұл келісім онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша күдікті немесе айыпталушы келтірілген айыптаулармен келіскен жағдайда жүзеге асады. Сондай-ақ, ынтымақтастық келісімі күдікті немесе айыпты барлық санаттағы қылмыстар бойынша қылмыстарды ашуға және тергеуге көмектескен кезде қолданылады.

Қылмыстық процестік кодекстің 13-бөлімі тұтастай Процестік келісім жасалған істер бойынша іс жүргізудің негізгі қағидаларына арналған. Заңнамада көрсетілгендей, процестік келісімнің өз қателігін түсініп, түзу жолға түскісі келетіндер үшін көмегі көп. Мұндай келісімнің жасалу тәртібі де ерекше. Бұл прокурор мен күдікті, айыпталушы немесе сотталушы немесе сотталған адам арасында жасалады.

Әрине, Қылмыстық процестік кодекстегі соны жаңалықты қарапайым халық толық білмеуі мүмкін. Сондықтан, күштік құрылымдар мен сот ұжымдары тарапынан арнайы шаралар ұйымдастырылып, заңнаманың құқықтық қырлары көпшілікке таныстырылуда. Процестік келісімнің қарапайым халық біле бермейтін тетіктері аз емес. Айталық, мұндай келісім екі түрлі нысанда жасалады. Егер онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыс жасаған күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен болса кінәні мойындау туралы мәміле жасалады. Сондай-ақ, қылмыстық топ жасаған қылмыстарды, өзге адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды, экстремистік, террористік қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге көмектесіп, тергеудің талапқа сай жүргізілуіне ықпал еткен күдікті, айыпталушылармен ынтымақтастық туралы келісім жасалатынын ескергеніміз жөн.

 Кодекстегі осы мүмкіндікті айыпталушылар дұрыс түсініп, өз игілігіне пайдалануы үшін ішкі істер, прокуратура қызметкерлері тарапынан да сауаттандыру жұмыстары бәсеңсіген емес. Өйткені, істі болған жандар келтірілген күдікке, айыптауға және істегі дәлелдемелерге, өзі келтірген зиянның мөлшеріне дауласпаған жағдайда және жәбірленушілер процестік келісім жасауға келіскен кезде тергеудің кез келген уақытында прокурордың атына кінәні мойындау туралы процестік келісімге өтініш бере алады. Кейде мұндай келісім қадағалаушы орган өкілінің бастамасымен жасалады. Жалпы, бұл келісімді жасауға рұқсат беру, өтінішті қолдау прокурордың еркінде.

Алайда, бұған қарап кінәсін мойындаған жандардың бәріне процестік келісім жасалып, жазасы жеңілдейді екен деген түсінік қалыптаспауы керек. Бұл кездегі соңғы және маңызды сөзді жәбірленушілер айтады. Соған сай, жәбірленушілердің біреуі процестік келісіммен келіспеген жағдайда келісім жасалмайды. Заңдағы бұл өзгерістен де жұртшылық хабардар болуы тиіс. Өйткені, жәбірленуші келісіммен келісіп, кінәні мойындау туралы мәміле жасалғаннан кейін залалды өтеу туралы талапты өзгерту құқығынан айырылатынын ұмытпауы керек. Қазір Қылмыстық процестік кодекстегі мүмкіндікті пайдаланып, процестік келісім жасауға ынта танытқандар аз емес. Ең бастысы, түрме тұрғындарының санын азайтып, қиыс кеткен жанды түзеуге ықпал ететін процестік келісімнің заңнамаға енгізілуі қазірдің өзінде маңыздылығын дәлелдеп отыр. 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>