• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Аттестация сапалы құрам қалыптастыруға көмектесті

04 Желтоқсан, 20171920


Алдына үлкен мақсаттар қойып, әлемнің дамыған елдерімен терезе теңестіруді межелеп отырған Қазақстанның құқықтық құрылымы азаматтардың мүддесін қорғай алатындай қауқарлы болуы шарт. Еліміздегі құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасы саладағы мамандардың сапалық жақтан өсуін қамтамасыз етуді, тұрғындардың құқығы мен бостандығын күмәнсіз қорғауды көздейді. Бүгінгідей әлемнің түкпір-түкпіріндегі алып мемлекеттермен арадағы байланысымыз жанданып, өзара қарым-қатынасымыз нығайған тұста елдегі қауіпсіздікті сақтау аса маңызды. Бұл құқық қорғау органдарына да жаңа міндеттер жүктейтіні талассыз.

Азаматтардың күштік құрылым қызметіне көңілінің толмауы, құқық қорғаушылар арасында заңсыздықтың орын алуы, сыбайлас жемқорлық деректерінің кездесуі бұл салаға түбірлі өзгеріс жасау керектігін көрсеткен болатын. Жаңа тұжырымдама осы олқылықтарды жойып, күштік құрылымдардағы кадр әлеуетін арттыруға, жұмыс деңгейін көтеруге, ең бастысы, азаматтардың сала қызметкерлеріне деген сенімін нығайтуға бағытталды. Әсіресе, өз кәсібін дұрыс меңгермеген, біліксіз мамандар құрылым жұмысын кері кетіргені талассыз.  

Осыған орай, тұжырымдама талаптарын басшылыққа ала отырып бұған дейін орын алып келген кадрларды жоспарлау және орналастырудың нақты жүйесінің болмауы, қызметкерлерді ауыстырудың қисынсыздығы мен ретсіздігі секілді көпшілік куә болып жүрген кемшіліктерді жоюға қадам жасалды. Сондай-ақ, қызметтен үміткер жандардың өз ісін жетік меңгергеніне, білімінің тереңдігіне мән берілетін болды. Осы уақытқа дейін қызметкер жұмысының нәтижесін бағалаудың нақты критерийлерінің болмауы, аттестаттаудың атүстілікке айналуы қызметкерлердің ынтасын төмендетіп келгені рас. Бұл жағдай да жан-жақты сараптаудан кейін қайта қаралып, қызметкерлерді аттестациядан өткізудің тәртібі қатайтылды. Әрі жұмысын сақтап қалғандарды ынталандыру үшін кадрларды жасаған жұмысына қарай жоғарылату үрдісі кең етек ала бастады. Тиімсіз ұйымдық-штаттық жұмыс, функциялардың қайталануы, нақты жүктемені есепке алмастан штат санын ойланбастан ұлғайту секілді тетіктердің де саланы ақсатып келгенін жасыруға болмайды. Ал, тұжырымдама бұл кемшіліктердің бәрін артта қалдырды. Соның нәтижесінде қазір күштік құрылымдардың кадрлық сапы талапқа сай деп сенімді айтуға болады. 

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>