• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Павлодар облысында әлеуетті инвесторлармен кездесу өтті

04 Желтоқсан, 20172860


Павлодар облысында әлеуетті инвесторлармен кездесу өтті, деп хабарлайды arasha.kz. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов халықаралық EXPO-2017 көрмесінде жұмыс істеген «Invest in Pavlodar» көрме орталығының жұмысы туралы есеп беріп, сондай-ақ аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері туралы атап өтті.

Дөңгелек үстел барысындағы кездесуге Жапония, Иран, Австрия, Белоруссия және өзге елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты. Аймақ басшысы EXPO-2017 кезіндегі павлодарлық мамандардың жұмыс нәтижесін атап өтті. Астанада өткен халықаралық көрменің арқасында үлкен жобаларды іске асыруды бастау үшін Германия, Жапония, Израиль, ҚХР, Иран, Мысыр, АҚШ және басқа мемлекет өкілдерінің қатысуымен 30 ресми кездесу ұйымдастырылды.

– Көрмені өткізу барысында орталық қызметкерлері жақын және алыс шетел мемлекеттерінің 180 астам компания өкілдерімен кездесіп, Павлодар облысына 6 роуд-шоу ұйымдастырылды, ресми делегация мен орталық қызметкерлері республикалық және халықаралық деңгейдегі 25 іс-шараға қатысты, – деді Болат Бақауов. – EXPO алаңында өткен кездесудің нәтижесі Қытаймен ынтымақтастық жасасумен аяқталды. ҚХР Шаньси және Шэньси провинцияларында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта қой етін, күнбағыс майын, жем-шөп, тауық өнімдерін жеткізу бойынша қытай серіктестеріне арналған ұсыныстар дайындалуда. Қытай компаниясымен бірлесіп бір ретте 30 мың тонна май өндіретін май өңдеу зауытының құрылысы жоспарлануда.

Аймақ басшысы облыстың инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Географиялық орналасқан жері, табиғи ресурстарға қолжетімділігі, электроэнергияның төмен бағасы, білікті кадр әлеуеті мен өнеркәсіп мүмкіндігі – осы аталғандардың барлығы инвестициялаудың негізгі факторлары болып табылатындағын атап өтті.

– «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ алғашқы алюминийдің 250 мың тоннасы өндіріледі, ол қазіргі уақытқа дейін экспортқа шығарылады, – деді облыс әкімі. – Мұнай өңдеу саласында «ПМХЗ» ЖШС мен «Air Liquide» француз трансұлттық компаниясы ПМХЗ қажеттілігі үшін техникалық газ өндірудің аутсорсинг қызмет көрсету жобасын іске асыруда. Өнеркәсіп қалдықтары да ұтымды пайдаланылады. Облыста кәріс кәсіпкерлерімен тұрғызылған көмірді брикеттеп шығару зауыты да жұмыс істейді. Ағымдағы жылы өнеркәсіпті кеңейту үшін 200 миллион теңгеге инвестициялау жоспарлануда.

Кездесу қатысушыларымен Павлодар облысының «Пахарь» ШҚ» ЖШС, «Рубиком» ЖШС, «КазЭнергоКабель» ЖШС және өзге кәсіпорындарының өкілдерімен серіктестік мүмкіндігі туралы мәселе талқыланды. 

Бұдан өзге,  ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Павлодарда алюминийден жасалған алғашқы автокөлік дискісі шығарылды. Қоспалы алюминий шығаратын «Giessenhaus» ЖШС негізінде жұмыс істейтін «K&K» компаниясы өзінің алғашқы өнімін таныстырды.

Павлодарда жеңіл балқымалы автокөлік дискілерін жасап шығаруды «КиК Павлодар» кәсіпорны қолға алып отыр. Бұл кәсіпорынның құрылтайшысы  – ресейлік «K&K» компаниясы. 2020 жылға дейін жүзеге асырылуы тиіс жобаның құны 6,7 миллиард теңгені құрайды.

– Бүгін тек Павлодарда ғана емес, бүкіл Қазақстанда алюминий дискілері жасала бастады, – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өнімді таныстыру рәсімі барысында. – Павлодарда қоспалы алюминийді жылына 36 мың тонна көлемінде шығарса, ол бізге жеткіліксіз болады. Жуық арада біз алюминийден басқа да өнім шығара бастаймыз.

– Біздің есептеуіміз бойынша, арнайы экономикалық аймақта жасалып отырған жеңілдіктердің арқасында Павлодарда автокөлік дискілерінің өндірісі Ресейге қарағанда арзандау түседі, – деп атап өтті “K&K” компаниясының бас директоры Сергей Мельников.- Қазір бізде төрт қоспалы машина жұмыс істейді, келер жылдың қаңтарында тағы екеуі іске қосылады. Оған қоса, өз қажеттіліктеріміз үшін жаңа корпус салудамыз.

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында орналасқан және әзірше «Giessenhaus» ЖШС негізінде жұмыс істейтін «K&K» компаниясы жылына 1 миллион диск шығаруды жоспарлап отыр. Оның 50 пайызға жуығы экспортталатын болады. Зауыт кеңейтілген соң 200 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Және де, Екібастұзда шетел асып елімізге зор қаржылық табыс әкелетін қаласында қызанақ өсіретін жылыжай ашылды. №1 ҚАЭС-ың аумағында 5 гектар жерді алып жатқан жылыжай «Greenhouse KZ» ЖШС-не тиесілі. Жаңа кәсіпорынынң қуаттылығы бір жылда 3,6 мың тонна қызанақ алуға мүмкіндік береді.

– Қызанақтардың алғашқы түсімі желтоқсан айының ортасына қарай күтілуде, – дейді «Greenhouse KZ» ЖШС-ің байқаушылар кеңесінің төрағасы Даулет Баймағамбетов. – Әрине, қызанақтарды жылыжайда  өсіру үшін аса қымбат жабдықтар, жылу және электр энергиясы қажет болғандықтан олардың бағасы да саяжайда өсірілген қызанақтарға қарағанда қымбаттырақ болады. Алайда, біздің көкөністер шет елден әкелінетін өнімдерге қарағанда әлдеқайда арзан болатынына кепілдік беремін. Біз қазірдің өзінде «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен томаттарды жеткізу бойынша келісімшарт жасадық. Біздің өнім Қазақстан бойынша және Ресейдің кей аймақтарында сатылатын болады.

Жаңа жылыжайға 86 адам жұмысқа тұрды. Ресми мәліметтерге сәйкес, кәсіпорындағы орташа еңбек ақы 120 мың теңгені құрайды.

– Біздің қолымызда алдағы уақытта жүзеге асыруды жоспарлап отырған 60 гектар жерде орналасатын жылыжай кешенінің жобасы бар, – деді өзінің құттықтау сөзінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы біз жеміс-көкөніс өндірісін дамытумен қатар, жаңа жұмыс орындарын да ашатын боламыз. Тұңғыш Президент күні мерекесінің қарсаңында мұндай жылыжайдың ашылуы екібастұздықтар үшін тамаша сыйлыққа айналып отыр деп ойлаймын.

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>