• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

«Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы 2017-2021». Шаруа, қалың қалай?

05 Желтоқсан, 20173760


Көпшілігіміз қалаға барғымыз келеді. Сол жақта тұрып, еңбек етсек деп армандаймыз. Дегемен ауылда да жұмыс баршылық екенін біле бермейміз. Әрине, оңай емес. Бірақ мал дейсіз бе, астық дейсіз бе, жеміс-көкеніс дейсіз бе, біздің тұтынып жүрген көптеген асымыз сол ауылдан келеді. Әрине, өз-өзімен келмейтіні рас қой. Сол жақта да арнайы кәсібін дөңгелетіп отырған, қызығы мен шыжығын қатар көріп отырған үлкен де кіші шаруа қожалықтары бар. Бүгінгі материалымыз Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі осындай ауыл шаруашылығы мамандарына арналған. Міндетіміз, олардың мұңын тыңдап, жетістіктеріне бірге қуану.

arasha.kz

 Самат Қожабайұлы: Биыл өнім жақсы болды.

- Биылғы өңім қалай болды?

- Былтырмен салыстырғанда биылғы астық жиналымы жақсы. Өткен жылғымен салыстырғанда 1 центнерден аса өнім алдық. Ауа райы қолайлы болды деуге толық негіз бар. Соңғы 20 күннің ішінде 2 апта көлемінде күн қатты ысыды. Кейбір алқаптарда бидай ерте пісті. Ол жерде сәл салмағы жоғалды. Бірақ түпкілікті өнім жақсы.

- Үкіметтен көмек болды ма?

- Үкіметтен жеңілдетілген бағамен тыңайтқыш,солярка алдық. Барлық өнімді қамбаға өнімді төпей-шашпай жеткіздік десек болады. Қала бойынша бірнеше кооперативтерді біріктіріп, егіс егіп, қала бойынша 3 мыңдай гектар бидай егіп жинадық.

- Жалпы мемлекеттік бағдарламалардың көмегі болды ма?

- Әрине. Республикалық және жергілікті бағдарламалар жыл сайын өтіп тұрады ғой. Соңғы бес жылдың ішінде неше түрлі бағдарламалардың басымыздан өткіздік қой. «Сыбаға» бағдарламасы, «Құлан» бағдарламасы, , «Алтын асық» бағдарламасы бәрі де өз жемісін берді, беріп те жатыр. Мемлекетке ризашылығымызды білдіреміз.

 

Мейірхан Әлжанов: Мемлекеттен көріп отырған көмегіміз көп

 - Биылғы нәтиже қандай?

- Жаман емес. Шүкір, барлығы да ойдағыдай. Былтырғымен салыстырғанда жерімізді екі есеге кеңейттік. Нәтижесі де екі есеге өсті ғой.

- Былтырғымен салыстырғанда қандай өзгеріс болды?

- Былтыр картопты жинап алатын кезде аздап қиналдық. Ол уақытта күніне отыз, қырық шақты адам күшін жұмылдырдық. Картопты қолмен жинадық. Биыл тәжірибеліміз ғой. (күлді). Арнайы астық сұрыптайтын машина алдық. Трактор сатып алдық. Алғашқы үш, төрт айында төлем жасалмайды. Биыл бұл біз үшін тиімді болды

- Тәуекелге барған кездеріңіз болған шығар.

- Егін шаруашылығы оңай жұмыс емес. Егінді егу оңай, оны баптау, өсіру оңай емес. Маңдай теріңді төгіп, еңбек етпесең, жерден нәпақа табу мүмкін емес. Бірде өнім берсе, бірде өнім бермейді. Тәуекелге барып егесің, нәтижесін алаңдап күтіп жүресің. Егін шаруашылығының бір ерекшелігі осы деп ойлаймын.

- Өнімді қай жерде өндіресіздер?

- Шыққан картоптарды былтыр Ақтөбе қаласында саттық. Жартысын қаңтар, ақпан айларында сатуға шығардық. Биыл да сөйтетін шығармыз. Тағы да айта кетейін дегенім бар. Былтыр “Жол картасы 2020” арқылы ақша алып, Израильден егістік алқапты суаратын заманауи, арнайы құрылғы сатып алдым. Картоп суармалы егіс. Жылдағыдай биыл да егістік алқаптарына гербицидтер алдық. Былтыр Израильден алқапты суаратын заманауи, арнайы құрылғы сатып алған болатынбыз. Биыл сол құрылғы арқылы егістік алқапты суарып жүрміз.

- Картоптың қандай түрлері бар?

- Картоптың “Роза”, “Королева Анна”, “Розара” деп аталатын үш сортын ектік. Картоп сақтайтын арнайы қоймамыз бар. Қоймада мың екі жүз тоннаға дейін картоп сақтауға болады. Мемлекеттен жиырма алты миллион теңге қаражат алдым. Несиені жеті жылға алдық. Алғашқы төлемді жиырма бес пайызын төледік. Қалған соманы тоқсан сайын төлейміз. Биыл күннің ыстығына байланысты кешкілік, тоғыздардан бастап, түнімен суарып жүрміз. Күн ара, кейде екі күн сайын суарып тұрдық. Биыл егістік алқаптың көлемі өскен соң, суару уақыты да ұзарды. Қазіргі таңда шаруашылықта алты, адам жұмыс жасайды. Екеуі трактор айдады, екі адам картопты егістік алқапты суарумен айналысады. Біреуі машина айдайды. Біреуі өзім жұмысшы да, басшы да, агроном да боламын. Науқан уақытында уақытша бір - екі айға адамдар жалдаймыз. Шаруашылықта он шақты техника бар. Егін шаруашылығын жаңадан бастаған соң, ақырын қарыздарымызды жауып жатырмыз. Бастапқы екі-үш жылдықта қандай шаруа да болмасын, шығын жағы басымырақ болатыны рас. Сондықтан қазіргі уақытта қатты пайда тауып жатырмын деп айтпаймын. Себебі, биыл егін егіп жатқаныма тек екінші жыл ғана болды. Мемлекеттен көріп отырған көмегіміз көп

 - Оқырмандарымыз үшін айтар кеңесіңіз болса.

- Мол өнім алғыңыз келсе, алдымен ұрықтық картопты дұрыс таңдауға көңіл бөліңіз. Шамамен 12 күннен кейін жер бетіне қылтиып картоптың жапырағы шығады. Сол кезде тағы бір суғарып жіберіңіз. 13-14-ші күндері шықпаса да суғара салыңыз. Сонда картоп сабағы күш алып, бой көрсетеді. Арада бірнеше күн өткенде картоп жапырағы гүлдейді. Осы кезде және бір суғарып, картоп түбіндегі топырақты жақсылап шауып, қопсытыңыз. Осыдан кейін 40 күнге жуық суғарудың қажеті жоқ. Ал ауа-райы тым ыстық өңірдегілер картоптың жапырағын қарап жүру керек. Егер жапырақ 32-35 күнде солғын тартса, суғарған жөн. Күздік картопты неге бір айдан аса уақыт суғармайды? Себебі, алғашында картоп сабағы жер астындағы түйіннің маңызымен қоректенеді. Сіз оны суғармасаңыз 40 күн ішінде жер астындағы ұрықтық картоптың сыртқы қабығы шіриді. Шірімесе картоп тамыры соның ішінен шыға алмай қалады. Ал шіріген соң ішіндегі тамыры жан-жағына жайылады. Осыдан кейін барып суғарғаныңызда әлгі жайылған тамырлар түйін салады. Әр суғарғаныңыздан соң екі күннен кейін қарықты кетпенмен шауып, топырағын қопсытып тұрыңыз. Өйткені, топырақ қопсытылып тұрса, картоп ірі, сырты біркелкі, тегіс болады. Топырақ қатты болса, картоп ісіне алмай қиналып, сырты да бүжір-бүжір болады. Картопты дұрыс суғарудың да маңызы зор. Оған суды өте аз мөлшерде, сыздықтатып қана жіберген жақсы. Су шылжырап ағып, қарықтың астыңғы жағымен ғана кетіп отырсын. Сонда топырақ асты бір метрге дейін лайға айналып, кейін ол картоп астында көп уақыт дымқыл ұстап тұрмақ

 

Еркебұлан Қажымұратұлы: Еңбегінді адал істе, керек көмек өзі-ақ келеді

 - Өзіңіз білесіз, соңғы уақытта бес жылдың ішінде астық алқаптарын екі миллион гектарға азайтып, соның орнына майлы дақылдарды көптеп өсіру көзделіп отыр. Сіздің осы істің маманыңыз, көпті көрген, көпті білетін дегендей. Сіздің ойыңызша, ертең өзге өңірлердегі шаруалар қиналып қалмай ма, мысалға Ақмола, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарының диқандары алып қарайтын болсақ?

- Қазіргі жағдайды бәрі де білетін сияқты. Бидайды жылда егеміз, бірақ ауа-райының қолайсыздығынан астық қардың астында қалып жатады. Сосын бидай көп шыққанда баға төмен болып тұрады. Ал бидайдың орнына майлы дақылдарды егуден ұтатынымыздың басты себебі, оның әрбір тоннасынан 500-800 доллар көлемінде пайда табуға болады. Дегенмен, майлы дақылдарды егу технологиясы өзгеше. Оның шығыны да аз болмайды. Соған қарамастан ол шығындар ақталады. Мәселен, үшінші сұрыпты бидайдың бағасынан  сояның құны екі еседен артық баға айналасында. Пайданы өзіңізде көріп тұрсыз ғой. Сондықтан әрбір шаруашылық табыс көзіне қарай майлы дақылдың түрін еге алады. Мысал ретінде айтар болсақ, менің білуімше Алматы облысында, көбінесе, соя егеді. Одан кейін жүгері бар. Күзде бағасы бір бөлек. Ал көктемде ол екі есеге өседі. Сол себепті әр шаруашылық жердің құнарына қарай, қаржылық жағдайына қарай өзіне тиімді бір дақылды егеді деп ойлаймын. Негізі, оңтүстікпен салыстырғанда, солтүстіктің жері жақсы, құнарлы болып келеді. Сондықтан технологияны дұрыс қолданса, өнім де жақсы шығады. Техниканы да ауыстырудың қажеті жоқ. Сол комбайн, сол трактор. Тұқым сепкішті ауыстырса болғаны. Енді, бәрі шаруашылықтың басшысына байланысты ғой.

- Әрине, дегенмен өнімді кейін сату керек қой. Дайын сатып алатын орын бар ма? Білгеніңізді айта отырсаңыз аға.

- Мемлекет жаңа өнімді Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы сатып алады деп ойлаймын. Аталған ұйым көктемде бюджет ақшасын арзан бағамен береді. Сосын күзде өнімді нарықтық бағамен жинап алады. Ал өкіметтің бағасы аз болса, фьючерлік келісіммен сатуға болады. Бірақ бүгінде диқандардың көбісі өз өнімдерін Азық-түлік келісімшарт корпорациясына сатады. Себебі оның құрамында элеваторлар, кептіру алаңдары сияқты техникалық мүмкіндіктері көп.

- Тұқым мәселесін қалай шешіп жатырсыздар?

- Оны басты мәселе деп есептемейміз. Жолдары көп-ақ. Бірі күріш пен жүгері тұқымын Ресейдің Краснодарынан аламыз.Бірі өзіміздің Қызылордадан алады. Түрлі себептері бар ғой. Мысалы, Қызылордада жақта өнім ұзақтау піседі. Алматы облысы үшін бір ай бұрын піскені керек. Ол жағынан Алматы облысына Краснодардың тұқымдары келеді. Жүгерісі де, күріші де. Тағы бір айта кететіні, қазір елімізде арнайы тұқым шаруашылықтары бар. Олар тұқым сатады. Сол үшін мемлекеттен субсидия алады.

- Жалпы, дүкенге барғанда «Қазақстанда жасалған» жүгеріні көрмейміз? Неге? Бәрін шет елден әкелетініміздің себебін айта аласыз ба?

- Қазақстан шаруаларының  бағыты басқа деп ойлаймын. Білетінімді айтайын, біздікілердің көбі өз жүгерімізден мал азығына дайындайды.Мысалы сол Алматы облысында бір таныс шаруам бар. Онда ірі қара дейсіз де, қой дейсіз бе бәрінде бағып отыр. Дәл сол танысып жүгеріні сату үшін емес, мал азығы үшін егеді.

- Малдың әңгімесін бастағаннан кейін сұрайын. Шетелден мал тасығаннан пайдасын көрдік пе? Білсеңіз тарқатып айтып беріңізші.

- Өзіміз айналысып көрмегеннен кейін бірдеңе айту қиын. Тек естігенімді айтып берейін. Ия, бірі малды будандастыру қылмыс деп жатыр. Енді бірі өнімді арттырамыз дейді. Мен соңғыларының жағындамын. Неге десеңіз өнімді, о лет дейсіз бе, жүн дейсіз бе, екі-үш есе артса несі жаман? Бәрі де ұтады. Өндіруші де, өнімді тұтынушы да. Бұл жерде таза экономикалық пайданы ойлау керек.

Тағы бір мәселе бар. Таныстарымның айтуы бойынша, қазір ең тиімдісі тірі мал емес, эмбрионмен әкелу. Сөйтіп, қолмен ұрықтандырған дұрыс. Бірақ бізде кәсіби маман жоқ. Қазір ауыл шаруашылығы саласында кім жүр?. Мамандығы басқа, әйтеуір табиғаты малға жақын болғаннан кейін бәрі - осы салаға қайтып келгендер.

 - Енді, асыл тұқымды малды эмбрионмен алып келу үшін тағы бір бағдарлама қажет пе?

- Жоқ, оған бағдарламаның қажеті жоқ. Негізі, бүгінде бағдарламалар көп. Мемлекет басшысы тарапынан да, үкімет жағынан да сан алуан қолдау шаралары жасалады. Субсидияны да беріп жатыр. Былайша айтқанда, бізді ғарышқа ұшыру ғана қалды. Ғарыш кемесі де тұр. Бірақ біз оны басқара алмаймыз. Оған біліміміз жетпейді. Сол себепті кәсіби маман тапшылығы салдарынан қазіргі жағдайды тиімді пайдалана алмай отырмыз.

- Енді арадағы делдалдар жайында айта отырсаңыз.

- Енді бұл қанша рет айтылған мәселе. Мүмкін үлкен қалаларда ірі сауда орталықтарының жанынан бөлек бір орындар ашу қажет пе? Сол жаққа барлық аудандарды кезекпен шақырып, еттерін делдалсыз сатуға әбден болады. Ал бізде қалай? Бәрін сатып алады. Етті кеседі. Сосын әдемілеп тұрып қаптайды да, үлкен сауда үйлерде өте қымбай бағаға сатады. Еттің делдалдары қалай істейді? Мысалға ауылға барады да, сол жерден бір келісін 700-800 теңгеге алып кетеді. Ауыл адамдары қалаға апарғанша осылай бере салғаным жеңіл деп, көп қиналғысы келмейді. Делдалдар оған тағы 300-400 теңге қосады. Енді есептеңіз, бір тоннасын сатса, қалталарына мың долларды басып алады.

- Көкейіңізде айтылмай қалды деген сұраққа жауабыңыз болса.

- Бізге арнайы фермерлер мектебі керек шығар. Ауылда топ-тобымен электрик, одан қалса шаштаразға оқытады. Көп пайда көріп отырғаным жоқ. Оданша зоотеxник керек, ветеринар керек. "Жұмыспен қамту - 2020" деген бағдарлама бойынша осыны қолға алса деген тілегіміз бар. Дегенмен, "Ойбай, үкімет маған ананы бермеді, мынаны бермеді", - деп те қарап жатуға болмас. Жұмыс жаса, содан кейін сұра. Еңбегінді адал істе, керек көмек өзі-ақ келеді Айтайын дегенім осы.

 дайындаған Р. Шахымұранұлы

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>