• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жамбылда жұмыспен қамту шараларына 32 536 адам тартылған

05 Желтоқсан, 20172680


Жұмыспен қамту 2020 жол картасы тоқтатылып, оның орнына «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» қолданысқа енгізілгені белгілі. Осы бағдарлама аясында Жамбыл облысына 2017 жылы барлығы 9,6 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 2,6 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 7 млрд.теңге бөлініп, 14405 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Күні бүгінгі мәлімет бойынша, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 32 536 адам тартылыпты. Оның ішінде 14 583 адам немесе 44,8 пайызы жұмыссыздар, ал 17181 адам немесе 53 пайызы өз бетінше жұмыспен қамтылғандар.

«Барлық белсенді шараларға тартылғандар ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына – 16245 адам орналасып, техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 772 адам кәсіптік даярлауға жолданды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 6412 адам жолданып, 966 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтіп, 488 адам шағын несие алды. Әлеуметтік жұмыс орындарына - 1313 адам, жастар практикасына 1854 түлек, инфрақұрылымдық жөндеу жұмыстарына 535 адам жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3951 жұмыссыз тартылды.

Бағдарлама аясында жұмысқа орналасқан 23 898 адамның 83 пайызының немесе 19847 адамның міндетті зейнетақы жарналары аударылған», - дейді Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ж.Баубеков.

Ал, жаңадан ашылған 9481 жұмыс орындарының 7599-ы немесе 80,1 пайызы тұрақты жұмыс орындары болып табылады екен. Бұл жерде жаңадан ашылған жұмыс орындарын 100 пайыз тұрақты жұмыс орындары негізінде құрып отырған Тараз қаласы мен Шу ауданының жұмыстарын ерекше атап өтуге болады.

Сондай-ақ, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру», яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған.

Солтүстік өңірлерден (СҚО, Павлодар, ШҚО, Қостанай облыстары) келіп түскен сол өңірлерге қажетті мамандар бойынша ваканттық жұмыс орындарының тізімі барлық аудандық-қалалық жұмыспен қамту орталықтарына уақытылы жолданып отыр екен. Нәтижесінде бүгінгі күнге облысымыздан солтүстік өңірлерге 47 отбасы, 190 адам қоныс аударыпты. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысына 39 отбасы, 162 адам. Қостанай облысына 4 отбасы, 14 адам, Павлодар облысына 4 отбасы, 14 адам. Қоныс аударған отбасылар тұрғын үймен, тиісті әлеуметтік төлемдермен және суармалы егістікпен айналысатын жер телімдерімен қамтылыпты.

Жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін іске асыру нәтижесінде 2017 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құраған. Ал жалпы экономикалық белсенді халықтың ішіндегі өз бетімен жұмыспен айналысушылардың үлесі 42,4 пайыздан 38,7 пайызға дейін төмендепті.

 

Алдияр Барысхан,

Жамбыл облысы

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>