• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жамбыл жеріне инвестор тартуда нәтижелі жұмыстар жүргізілуде

05 Желтоқсан, 20173210


Жамбыл облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Шәкербек Мәріпбек жыл басынан бері өңірде шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің саны 59,9 мыңды құрап, ол өткен жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға артқанын айтты. – Кәсіпкерліктің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты өңірлік кәсіпкерлер палатасына 128 өтініш түсті. Оның ішінде 63 өтініш оң шешімін тауып, бизнестің 500 млн теңге көлемінде қаржысын сақтауға мүмкіндік берді. 2015 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін орталық кәсіпкерлер палатасы 13 932 тұтынушыға 54 525 кеңес беру қызметін көрсетуі қаржылай емес бизнесті қолдаудың айқын көрінісі. Бүгінде облысқа инвесторларды тартуда да бірқатар жұмыстар атқарылыпты. Өңір ерекшеліктерін, мамандануын ескере отырып, 12,4 млрд теңге көлемінде 10 инвестициялық жобаны іріктеп, оның ішінде 4 жоба – АӨК саласы, 4 жоба – туризм, 2 жоба – жол бойындағы қызмет көрсетуге қатысқан. Барлық аталған жобалар «KAZAKH INVEST» АҚ-ы жүргізетін өңірлік инвестиция картасына енген. Бұл жобалар негізінде әлеуетті инвесторларды іздеу бойынша кешенді жұмыс атқарылуда. Сондай-ақ бүгінде өңірлік кәсіпкерлер палатасы жаңашылдығы ретінде www.palata-rent.kz интернет-ресурсына өту қажет екен. Бұл сайтқа кәсіпкерлікте қолдануға болатын өндірістік, қоймалық және кеңселік орындарды жалға алуға байланысты ақпарат жиналған. Бір сөзбен айтқанда, барлық бағыттар бойынша бизнеске сервистік қолдау бар. – Бұл кәсіпкерлік субъектілеріне арналған ақпараттық қолдау, «Іскерлік байланыстар», «Аға сеньорлар», «Бизнес Кеңесші» жобалары іске асуда. Мәселен, «Бастау Бизнес» бойынша жыл соңына дейін 1125 адам оқытылуы керек. Қазірдің өзінде кәсіпкерлік негіздерін 964 адам оқып шықты.

Айта кетелік, «Бастау Бизнес», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асуда. Тараз металлургия зауыты төңірегінде ашылған индустриялықаймақ негізінде жергілікті басқару органдарының көмегімен Жамбыл облысында 4 индустриалды аймақ ашу жоспарда бар екен. «Атамекен» ҰКП бастамасымен ендігі меже: бос жерлердің тізімін онлайн-режимде ақпарат бере алу мүмкіндігін қарастыру, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорын біріктіріп, толық форматты КҚКО қалыптастыруды көздеп отырмыз, – дейді жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Айдар Абдықадыров.

 

Алдияр Барысхан,

Жамбыл облысы

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>