• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Ноғайбай ауылының инфрақұрылымы жаңарады

05 Желтоқсан, 20172750


Жамбыл облысының Қордай ауданында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле «Өндірісі өрге домалаған Ноғайбай» атты Ноғайбай ауылының инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған жоба облыстық реестрден өткенін жеткізді.

Аудан әкімінің дерегіне сүйенсек, ауданда 2017-2019 жылдарға арналған 37 тармақтан тұратын аудандық іс-шаралар жоспары бекітіліп, бүгінгі күнге 24 тармағы іске асқан. Сонымен қатар, желілік кестеге сәйкес 55 іс-шара өткізілген. Жалпы, аудан бойынша мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыратын 65 іс-шара ұйымдастырылып, оған 12500 адам тартылған. – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мен жүзеге асыру жұмысына азаматтық қоғам институттары және ауданнан шыққан танымал тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері белсенді тартылуда. Мәселен, ауданымыздың тумасы, барша қазақ елінің мақтанышы кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы Марат Мәзімбаев туған жеріне келіп, мектеп оқушыларымен жүздесті. Қаламгер, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлы оқырмандармен кездесті. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы Мұхтарбай Өтелбаевтың аудан жастарымен кездесуін ұйымдастыру жоспарланып отыр. 28 қазанда облыс бойынша бір уақытта ұйымдастырылған «Бір сәби – бір ағаш» акциясы Қордай ауданында да өткізілді. Акцияда аудан бойынша қыркүйек-қазан айларында дүниеге келген 100 сәбидің құрметіне ата-аналары Қордай ауылының орталық саябағында ағаш отырғызды. Мұндай игі істер әлі де жалғасын табуда, – деді Болатбек Байтөле. Қордай ауданында атымтай жомарт кәсіпкерлер баршылық.

Соның бірі – танымал меценат, «100 жаңа есім» жобасында жеңімпаз атанған Қайрат Молдасейітов. Туған ауылы Қаракемерге спорт кешені, балабақша салып беріп қана қоймай, жолын да жөндеп ауылдастарын қуантқан азамат тұрмысы төмен отбасыларға да қаржылай көмек көрсетіп, өзгелерге үлгі болып жүр. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Атамекен» кіші бағдарламасының «Азаматтық бастамалар картасы» жобасы бойынша Қордай ауданы облыстық реестрге 13 кіші жоба ұсыныпты. Соның ішінде «Өндірісі өрге домалаған Ноғайбай» атты Ноғайбай ауылының инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған жобасы облыстық реестрден өтіпті. Онда алтын өндіретін металлургия комбинатын іске қосып, 1200 жаңа жұмыс орны ашылатыны көрсетілген. Сонымен қатар, жақын елді мекендердің жолдарын жөндеу, футбол алаңдары сынды тұрғындарға арналған әлеуметтік нысандар салу да жоспарланған екен. Жобаның іске асыру мерзімі – 2017-2020 жылдар. Аудан әкімінің айтуынша, облыстық реестрге ұсынылған қалған 12 жобаның ішіндегі 2017 жылы пайдалануға берілетін 3 жекеменшік балабақша ашу жоспары да бар. Жаңа мекемелер пайдалануға берілсе, ауданда 275 бала мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтылып, 44 жұмыс орны ашылады екен.

Алдияр Барысхан,

Жамбыл облысы

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>