• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жамбылда 34 жоба аясында 6 мың жаңа жұмыс орны ашылған

05 Желтоқсан, 20173060


Жамбыл өңіріне сан тараптан инвестициялар тартылып, сан сала бойынша елімізде баламасы жоқ бірегей кәсіпорындардың ірге көтеріп, жүздеген жаңа жұмыс орындарының ашылуы жергілікті жұртшылықтың тұрмысының түзеліп, бақуаттана түсуіне өз септігін тигізуде. Әсіресе, химия кластері қалыптастырылып, алтынынан әк тасына дейін ұқсатылып, Жамбыл жерінің бар байлығы ел игілігі үстелуіне – кәдеге жаратыла бастауы қуантады. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығы тұсында Жамбыл облысы бойынша жиырмаға жуық жоба жүзеге асырылыпты. Солардың қатарында бағзы кездері аты алысқа танылғанмен, кейінгі жылдары жұмысы тоқтап, шаруасы шатқаяқтай бастаған «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС екінші тынысын ашты. Мұнда жүн түтумен ғана шектелінбей, оны иіріп жіп шығару, мата тоқу ісі кешенді түрде өрістетілмек. Әулиеата жерінде бұрын-соңды болмаған «SUPER PHARM» медициналық жабдықтар шығару өндірісі іске қосылды. Бұрын тек шикізат өндірісіне ғана арқа сүйелініп келген өңірімізде ендігі жерде ет, сүт өнімдерінің өзі жергілікті жерде ұқсатылып, өңделіп, тұтынушыларына дайын күйінде ұсынылуы жүйелене бастады.

Мұндай игілікті істің басында Қордайдағы «Куликова сүт өнімдері» тұр. «Мыңарал Тас компани» құрылыс жұмыстары үшін аса қат цемент, «Құрылыс-Полимер» полиэтилен бұйымдарын, «Тараз құбыр зауыты» силиконды құбырларды жергілікті жерде әзірлеуді қолға алды. Жылына 10 миллион қызғалдақ егіп өсіріп, өткеруге бағыт ұстанған «Жасұлан флора» ЖШС-ның талпынысы да қуантарлықтай. Жалпы, оңтүстік өңір тұрғындарын өзбек газына тәуелділіктен құтқару бағытында Талас ауданында қолға алынып, сәтімен жүзеге асырылған «Амангелді» газ кеніші жобасы индустрияландырудың алғашқы қарлығашы болып қанат қаққанын әсте ұмытпауға тиіспіз. Жергілікті жерден алынған газ отынын бүгінде өңір тұтынушыларының 80 пайызы пайдалануда. Былайша айтқанда, облыс тұрғындарының басым денінің үйіне газ бен ауызсу келіп тұр. Тәуелсіздігіміздің, индустрияландырудың жемісі дегеніміз, міне, осы емес пе?! Бағдарламаның 2015-2019 жылдарға арналған екінші бесжылдығы ішінде межеленген іс бұдан да ауқымды. Алдағы таяу жылдарда өңір тұрғындары «Тараз индустриялық паркі» арнайы экономикалық аймағының да игілігін көре бастайтын болады. Қазірдің өзінде АЭА аумағында 7 өндіріс орнын салуды жоспарлап отырған 6 қатысушы тіркелген. Жалпы, мұнда 15-ке жуық кәсіпорын ашылады деп күтілуде. Олар толығымен іске қосылғаннан кейін,

2000-нан аса жұмыс орны құрылатын болады. Осы орайда облыс әкімдігі мен «Higer Quazar» өндірістік кешенінің өкілдері арасында аталған аумақта жылына 300-ге дейін электроавтобус шығаратын зауыт салу туралы меморандумға қол қойылғанын да атап өткен жөн. Жобаның құны шамамен 3 миллиард теңгені құрайды. Бүгінде облыста аталған бағдарлама аясында 557 миллиард теңгені құрайтын 34 жоба жүзеге асырылып, 6 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Биыл 13 жоба жүзеге асырылу үстінде. Өңірімізде баламалы энергетика, химия, ауыл шаруашылығы кешені, құрылыс индустриясы және тағы басқа салаларға қатысты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында әлеуетті шетел инвесторларымен келіссөздер жүргізілу үстінде. Бүгінде бұдан басқа «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Өңірлерді дамыту», Моноқалаларды дамыту, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020», «Ақбұлақ», «Агробизнес – 2020» секілді ел экономикасына серпін беретін көптеген бағдарламалар тиімді жүзеге асырылу үстінде. Жалпы, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында жаңадан 9119 жұмыс орны ашылған. Өңірдің экономикалық әлеуеті, міне, осындай. Қуатты өңір – қуатты Қазақстан екені де бұлтарғысыз шындық. Бес реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында белгіленген асқаралы міндеттерді нақты іс жүзіне асыру арқылы әлемдегі дамушы 30 елдің шоғырынан көрінер күн де алыс емес деп сенейік, ендеше!

Алдияр Барысхан,

Жамбыл облысы

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>