• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Тараздағы жәрмеңке тұрғындардың көңілінен шығуда

05 Желтоқсан, 20172870


Бүгінде тараздықтар үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мерекемен бірдей болып тұр. Әр сенбі сайын орталық Достық алаңында тұрғындар тек арзан тауар алып қана қоймай, ән-күй тыңдап, қалалық әкімдік тарапынан дайындалған дәмді астан дәм татуы үйреншікті көрініске айналды. Бұрнағы жылдары ұйымдастырылған жәрмеңкелерде кейбір сатушылардың азық-түлік өнімдерін белгіленген шекті бағадан қымбатқа сататыны жайлы ішінара болса да айтылып қалатын. Ал биыл бұл мәселе – жіті бақылауда. Ешбір көзбояушылық орын алмас үшін тіпті алаң ортасына дәл көрсететін таразы да қойылыпты. Өткен сенбіде ұйымдастырылған жәрмеңкеде облыс әкімінің орынбасары Мәден Мұсаев болып, тауарлар белгіленген баға бойынша сатылып жатқандығына көз жеткізіп, сатушылармен әңгімелесті. Ол, сондай-ақ, бүгінде жұртшылықтың көңілінен шыққан шара алдағы уақытта да ұйымдастырыла беретіндігін, сондықтан қарапайым халықтың қысқа алаңсыз қамданып алуға мүмкіндіктері бар екенін, облыстық әлеуметтік тұрақтандыру қорынан бөлінген азық-түлік бағасы тұрақты болатындығын атап өтті. Жалпы, бұл жолы өткендегісіне қарағанда біршама мол тауарлар ұсынылды.

Атап айтқанда, жалпы құны 71,3 миллион теңгені құрайтын 135,7 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылымға шығарылды. Оның ішінде жылқы, қой, сиыр, шошқа, тауық еті – 19, сүт – 12, 2, шұжық өнімдері – 5, қарақұмық – 5, күріш – 5, қант – 5, өсімдік майы – 3,5, балық – 1,5, бал – 2, кондитерлік өнімдер – 1, макарон өнімдері – 2, тұз – 0,2, кептірілген жеміс – 1, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері 69,3 тоннаны, жұмыртқа 4 мың дананы құрады. Сұраныстың көбірек болғандығынан болса керек, бұл жолы мұның алдындағы жәрмеңкедегіге қарағанда, ет – 3, сүт өнімдері – 2, жеміс-жидектер 3,3 тоннаға көбірек әкелінген. Тауарлар нарықтағыдан 7-20 пайыз аралығында төмен бағаға сатылды. Тұтынушылар тарапынан, әсіресе, Жуалының келісі 80 теңгелік картобына, жылқы етіне сұраныс көп болды. Сауда қатарлары маңынан жолыққан тараздық Гүлжанат Әлімқұлова: – Менің таныстарымның көбісі бүгінде азық-түліктерін осы жәрмеңкеден алуды әдетке айналдырған.

Мен де көптен бері мүмкіндігім болмай, бүгін келіп отырмын. Күн суыта бастасымен ең алдымен етімізді қамдайтын қазақпыз ғой. Сондықтан жылқы етінің килосын – 1400, қазысын 1600 теңгеден сатып алдым. Сосын бөшкеде тұздау үшін 1 қап қырыққабат алдым. Оның килосы 40 теңгеден айналды. Келесі жәрмеңкеде картоп алуды жоспарлап отырмын. Жанар-жағармайға дейін қымбаттап жатқан қазіргідей уақытта мұндай шара өзіміз сияқты қарапайым халыққа өте қажет. Сондықтан ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз,– деп ағынан жарылды. Осылайша тағы бір жәрмеңке өз деңгейінде ұйымдастырылып, жұртшылықтың көңілінен шықты.

Алдияр Барысхан,

Жамбыл облысы

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>