• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

«Еурохим» Жаңатасты дамыту жоспарын жасады

05 Желтоқсан, 20172890


Кешегі кеңестік жүйеде ірі өндіріс ошақтарының жанынан шағын өндірістік қалалардың бой көтеріп, өңір өмірімен біте-қайнасып кетіп еді. Алайда, қызыл империяның күйреуімен дәл осы шағын қалалардағы тіршілік те тоқырауға ұшырады. Өн бойына өндіріс қан жүгірткен шаһар әлеуетінің әлсіреуі ондағы халықтың да үдере көшуіне әкеп соқты.

Ал, тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасыр ішінде елімізде шағын қалаларда тіршіліктің бойына қайта қан жүгіре бастады. Осы жұмыстарды реттеуде түрлі мемлекеттік бағдарламалардан бөлек алпауыт кәсіпорындардың кешенді жоспарының да септігі тиіп жатыр. Мәселен, аймақтағы химия өнеркәсібінің «Қазфосфаттан» кейінгі алыбы саналатын «ЕуроХим» компаниясының тапсырысымен Жаңатас қаласының 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспары әзірленді. 

Бұған дейін Ресейдің түрлі аймағындағы өндірістік қалалардың кешенді жоспарларын дайындап, сәтті жүзеге асырып шыққан кәсіпорынның Жаңатасты жандыру жөніндегі жобасы шынында ауқымды.

2016 жылы компания тапсырысымен қаласының 2050 жылға дейінгі кешенді даму жоспары дайындалып, облыс әкімдігіне ұсынылды. Аталмыш жоспардан компанияның Сарысу ауданында өндірісті дамыту жөнінде ұзақ мерзімді жоспарларды қолға алғанын аңғаруға болады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне сай кәсіпорын өңірдің дамуына үлкен қаражат құюды бастады. Білікті мамандар түзген кешенді даму жоспарында қала құрылысы, жобалау және экономикалық шешімдер кешені қамтылған. Құжатта моноқалаларды қайта өзгерту және жайлы қала ортасын құру кезінде жинақталған табысты әлемдік тәжірибе де ескертілген.

Жаңатасты ажарландыра түсуді көздейтін жоба аясында өндірістік қалада жаяу жүргіншілерге арналған жайлы жолбағдар салынып, көпшілік орындар мейлінше көркейе түспек. Сонымен бірге, қалада жаңа әлеуметтік-мәдени және ойын-сауық нысандары бой көтермек. Әсіресе, жастарға арналған орталықтар мен балалар алаңшаларын салуға айрықша назар аударылмақ. Заман талабына жауап бере алатын көрікті сауда орындары да өндірістік қаланың ажарын аша түспек.

– Бірер ай бұрын ұсынылған бұл жоба қаланың дамуына жаңа қозғау салып, даму көкжиегін кеңейтпек. Аймақтағы өндірістік салада жинақталған көп жылдық тәжірибемізге сүйене отырып, Жаңатастың болашағы зор екенін сеніммен айта аламын. Компания тарапынан түскен жобаға жаңатастықтар, жергілікті билік бизнес өкілдері бей-жай қарамай өз ұсыныстарын жеткізіп жатса құба-құп. Моноқаланы жаңғырту жоспарын жүзеге асыра отырып, біз Қазақстанды инвесторлар үшін мейлінше тартымды ете аламыз. Әрі өзге инвесторлар да осы жобаны табысты жалғастырарына сенім мол, – дейді «Еурохим-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Дмитрий Валышев.

Қазіргі таңда компания Жаңатас қаласында минералды шикізатты химиялық жолмен қайта өңдейтін және минералды тыңайтқыштарды шығаратын кешенді салудың екінші кезеңін жүзеге асырып жатыр. Жаңатаста тау-кен кешенін жобалау және салу жөніндегі жобаның бірінші кезеңі өткен жылы сәтті аяқталды. Нәтижесінде, кәсіпорын Қазақстанды қажетті минералды тыңайтқыштар топтамасымен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болды.

 

Алдияр Барысхан,

Жамбыл облысы

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>