• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жамбылдағы қарқынды құрылыс жұмыстары

05 Желтоқсан, 20173050


Құрылыс саласындағы мемлекеттік саясаттың мейлінше сарабдалдықпен жүргізілуінің нәтижесінде егемен елімізде қысқа мерзім аралығында үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген ордалы оқиғалар орын алды. Бүгінде қазақ сахарасы әлемнің үздік архитекторларымен қатар, отандық сәулет өнері хас шеберлерінің көкейіндегі керемет идеяларын көпшілік игілігіне ұсынатын құт мекенге айналды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел экономикасы дағдарысқа ұшырап, қоғам дамуының барлық саласында тоқырау болғаны әлі есімізден шыға қойған жоқ. Әсіресе, құрылыс нарығына оңай тимеді. Қала мен далада, ауыл мен ауданда, зауыт пен фабрикада құрылыс атаулы құрдымға кетіп, құрыш қолды құрылысшылар күн көріспен базар жағалағаны белгілі. Іргетасы қаланып, кірпіші енді өріле бастаған ғимараттар «сақалды құрылысқа» айналды. Қараусыз қалып, қаңыраған ғимараттар қала кейпінің өңін кетірді.

Құрылыс индустриясы – экономиканың негізгі іргетасы. Кез келген елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. Тәуелсіздік алып, етек-жеңін жинаған кезден бастап елімізде құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалды. Отандық құрылыс кең қанат жайып, жаңа нысандар мен жұмыс орындары көбейді. Оның ішінде біздің аймақта да бірқатар мемлекеттік бағдарламалар аясында ауқымды тірліктер атқарылу үстінде. Облысымызда соңғы жылдары құрылыстың қарқынды жүргізілгенін алыстан көз тартатын қызылды-жасылды тұрғын үйлер мен көшелерге көрік беріп тұрған көптеген әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардан да байқауға болады.

Атап айтсақ, құрылыс жұмыстарының нақты физикалық көлемі 1991 жылы 1,0 миллион теңгені құраса, 2010 жылы 52,3 миллиард теңгеге жетіп, 2016 жылы 103,3 миллиард теңгелік деңгейге қол жеткізілді. Осы көрсеткіштердің өзінен-ақ сала бойынша өңірімізде аз жұмыс жасалмағанын бағамдауға болады.

Облыс бойынша 1991 жылдан бүгінгі күнге дейін барлық қаржыландыру көздері арқылы 4,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Бұл 1994-1995 жылдарға қарағанда 5 есеге артса, 2010 жылмен салыстырғанда 146 пайызды құрап отыр.

Құрылыс жұмыстары қарқынды дамыған 2005 жылдан бастап, Тараз қаласында жаңа «Астана» және «Бәйтерек» ықшам аудандары бой көтерді.

Қазіргі уақытта «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Арай» тұрғынжай алабы бой көтеруде. Бұл жерде 19 көп қабатты тұрғын үй салынбақ.

Ағымдағы жылдың 10 айында облыс бойынша 316,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұдан басқа, жыл соңына дейін кезекте тұрған азаматтар үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 10,1 мың шаршы метрді құрайтын 3 тұрғын үй ел игілігіне ұсынылмақ.

Егемен ел атанған жылдары «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан» және басқа да бағдарламалар шеңберінде денсаулық сақтау саласы бойынша 130 емдеу мекемесі, білім саласында 1991-2016 жылдары 450 орындық 39 мектеп, 12 720 орындық балабақша салынды.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Қазақстан үшін жол мен көлік саласын дамытудың аса маңызды екендігі аян. Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде облысымыздың республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары саласында қол жеткен табыстары аз емес. Облыста жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісі бүгінде 5 187 шақырымды құрайды. Ширек ғасырда облыстың жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеу мен күтіп ұстауға барлық бюджет көздерінен 59,7 миллиард теңге бөлініп, 2354,15 шақырым жол қамтылды.

1991 жылы жергілікті маңыздағы автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 41,4 пайызды құраса, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 75,5 пайызға жеткізілді.

Соңғы 25 жылда облыс бойынша 43,15 шақырым жаңа жол құрылысы, 159,8 шақырым күрделі және 2151,2 шақырым орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, облыс аумағында 495 шақырымдық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі мега-жобасы 2015 жылы табысты аяқталды.

Қазіргі таңда облыста 23 тасымалдаушы мекеме барлығы 161 маршрутта 1 099 автобуспен қызмет көрсетіп келеді. Жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін көтеру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тасымалдаушылар қаражатына 2011-2015 жылдар аралығында барлығы 551, ал 2016 жылы 41 жаңа автобус сатып алынды. Және де, облыс орталығынан халықаралық, облысаралық, қалааралық Тараз-Бішкек, Тараз-Астана, Тараз-Алматы, Тараз-Қорғас бағыттары бойынша жолаушылар тасымалдануда.

2014 жылдан бастап Тараз қаласында көліктердің жүру кестелерінің сақталуын қадағалау үшін навигациялық бақылау жүйесі енгізілген.

2016 жылы қоғамдық көліктермен жолаушылар тасымалдау көрсеткіші 957,4 миллион жолаушы айналымын құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 16 пайызға артса, үстіміздегі жылдың бірінші жартысында жолаушылар айналымы көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға өсіп отыр.

Келешекте Жамбыл облысы қазіргі қалпынан да жақсара түсіп, тарихи шаһарымыз тотыдайын түрлене түсетіні анық.

Алдияр Барысхан,

Жамбыл облысы

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>