• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жамбыл облысы: Химия өнеркәсібінің келешегі зор

05 Желтоқсан, 20173670


Химия өнеркәсібі елдің бақуаттылығының артуына септеседі әрі болашаққа да қызмет етеді. Мемлекет басшысы 2008 жылғы қазан айында жаңа Жамбыл фосфор зауытының базасында жиын өткізіп, соның нәтижесінде еліміздің химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2009-2015 жылдарға арналған іс-әрекет жоспары бекітілген-ді. Нұрсұлтан Әбішұлы сол жиында: «Жамбыл – фосфордың отаны» деп атап өткен болатын.

Одан бергі уақыт аралығында «Қаратау» тау-кен кешенін дамыту бойынша келешегі мол жоспарлар жасалып, минералды тыңайтқыштар, сары фосфор мен оның өнімдерін өндіруге арналған жаңа технологиялар енгізуге оң серпін беріп, жаңа еңбек жетістіктеріне жігерлендіре түскен. Компания содан бері еңбек өнімділігін тұрақты түрде еселеп арттырумен келеді. Бүгінде «Қазфосфатта» 6057 адам еңбек етеді. Барлық филиалдары заманауи үлгіде әрі ыңғайлы тұрмыстық кешендермен жабдықталған. Бүгінде бас аяғы 20-ға жуық өнім түрлерін шығарып, оның 94 пайызы ТМД, Еуропа, және Оңтүстік Азия елдеріне экспортталады. Қазіргі уақытта мекеменің барлық шаруашылық-қаржы қызметі бойынша негізгі көрсеткіштері 2007 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскені байқалуда. Атап айтсақ, биыл өндіріс – 4,4, сатылым – 5, инвестиция – 12,5, орташа жалақы – 3,1, төленген салық көлемі – 7,4 есеге артып, 11 миллиард теңгені құрады. Бүгінде жылдамдық бәрінен де маңызды, кім бірінші болса, сол жеңіске жетеді. Осы орайда өзінің бәсекелестік қабілетін жоғалтпас үшін компанияда автоматтандырылу мен бизнес жүйесін жақсарту бойынша тиімді шаралар тұрақты жүзеге асырылумен келеді.

«Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров өнімнің өзіндік құнынын төмендетілуіне жалпы құрам санын қысқару жолымен емес, жаңа технологиялар мен жабдықтар енгізу, әртараптандыру, бизнестерді біріктіру және кадрлық ресурстардың мүмкіндігін барынша тиімді пайдалану арқылы қол жеткіземіз дейді.

- Жұмыс орындарының автоматтандырылуы жаңа жетілдірілген дағдыларды талап ететіні мәлім. Осыған байланысты қазіргі заманға сай болу, білікті өндіріс мамандары қатарын көбейту мақсатында әдістемелік-оқу орталығын құрдық, ол 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Орталық өзінің құрамында бес филиалдың техникалық оқыту қызметтерін біріктіреді. Бүгінде серіктестіктің әрбір филиалында оқу құралдарымен, компьютерлік техникамен, өндірістік жабдықтардың макеттерімен жабдықталған арнайы оқу базалары бар. Біз, сондай-ақ, Жамбыл политехникалық, Тараз химиялық-технологиялық,

Қаратау гуманитарлық-техникалық колледждерінде, өңірдегі басқа да орта арнаулы оқу орындарында дуальді оқыту жүйесін енгізу бойынша жетекші серіктес болып табыламыз. Компания білім беруді ұйымдастыруда және мамандар даярлауда, оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауда, қорытынды аттестациялау кезінде студенттердің біліктілігін, кәсіби даярлықтың деңгейін бағалауда, сондай-ақ, бітірушілерге біліктілік беруде толық құқықты серіктес ретінде танылып отыр. Бес зауыттың базасында дуальді білім алу жүйесі бойынша 300-дей колледж білімгерлері кәсіптік білім алуда. Химия саласын кадрмен қамтамасыз етудегі негізгі база – Тараз химиялық-технологиялық колледжі «Қазфосфат» ЖШС-ның корпоративтік басқаруына берілген. Бұл колледжді бітірушілердің білім деңгейінің, дағдыларының жоғарылығын атап өткіміз келеді. Оны 2016-2017 жылдары бітірген 52 жас кәсіпорнымызға тұрақты жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылдың 10 айында филиалдарымызға облыстың басқа да жоғары және орта білім беру жүйелерін бітірген 72 түлек конкурстық негізінде жұмысқа алынды. Сондай-ақ, соңғы екі жылдың ішінде бізде 4000 студент өндірістік тәжірибеден өтті. Білім алушылардың білімін, өндірістік дағдыларын нығайту мақсатында, компанияның білікті де тәжірибелі мамандарының ішінен оларға тәлімгер бекіту дәстүрге айналған. Жұмысшыларымыз үшін де қысқа мерзімді арнайы оқыту курстар ашылып, жұмыс істеуде. Бізге білікті мамандар қажет, сондықтан да оларды даярлау ісіне қолымыздан келген көмегімізді жасаудамыз. Оқудың сапалы өтуі үшін заманауи технологияларды қолданатын ғылыми зертханаларымызды қайтарымсыз пайдалануға да береміз. Колледждер мен жоғары оқу орындарының 50-ден астам өндірістік оқыту шеберлері кәсіпорнымыздың базасында тағылымдамадан өтуіне де ұйытқы болдық, дейді М.Ескендіров. Осы орайда «Қазфосфат» ЖШС айналасында бүгінде компанияның өндірістік қызметтерін жүзеге асыруға, тауар жеткізуге және басқа да қызмет көрсетулерге бағытталған 40-қа жуық шағын және орта бизнес нысандары құрылып, жұмыс жасап жатқанын атап өткен жөн. Облыстың химия өнеркәсібі саласында кейінгі 5 жыл ішінде 11 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылған екен. Міне, мұның барлығы да химия өндірісіне ерекше қолдау, көмек көрсетудің жемісі екені анық. Өңірдегі химия алыбы болашаққа қадамын қарыштай баса беретін болады.

Алдияр Барысхан,

Жамбыл облысы

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>