• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жамбылда жем шығаратын зауыт ашылды

05 Желтоқсан, 20172770


Жақын күндері Тараз қаласынан «Goodlook» cауда үйі» автоматтандырылған кешенінің «Goodzhem» ЖШС құрама жем өндіретін зауыты салтанатты жағдайда ашылды. Тәулігіне 480 тонна жем шығаратын зауыттың ашылуына қатысқан облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев құттықтау сөз сөйлеп:

– Біздің облысымыз – аграрлы өңірдің бірі. Алайда, біз 2025 жылға қарай индустриялық-аграрлы аймаққа айналамыз деп жобалап отырмыз. Себебі, облыста индустриялық-инновациялық дамытудың бірінші бесжылдығында 159 миллиард теңгеге 43 жобаны жүзеге асырып, 7500 адамға жаңа жұмыс орнын аштық. Екінші бесжылдықта 575 миллиард теңгеге 34 жобаны іске қоспақпыз. Жобалар толық жүзеге асқанда тағы да 7500-дей адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Қазір іске қосқалы тұрған зауытта 36 адам 3 ауысыммен жұмыс істейді. Зауыттың құрылысына 1 миллиард 200 миллион теңге жұмсалды. Бұл өңірдегі құнарлылығы жоғары мал азығын шығарумен айналысатын ірі зауыттың бірі болады.

Жалпы, облысымызда 3 миллионға жуық уақ мал, 390 мың мүйізді ірі қара, 130 мың жылқы, 55 мың шошқа, 1 миллион 200 мыңдай құс бар. Бұрын жергілікті жердегі кішігірім кәсіпорындар осыншама мал мен құсты толықтай азықтандыруға қауқарсыз еді. Енді, міне, іргелі, заманауи, барлығы автоматтандырылған жем зауытын іске қосу арқылы бұл мәселе біршама шешімін тапты деуге болады. Осындай игі істің өңірімізде жүзеге асырылуы бүгінгі бейбітшіліктің арқасы, – деп атап көрсетті.

Мұнан соң зауытты салып, заманауи құрылғылармен жабдықтаған мердігер «Вектор» ААҚ-ның бас директоры Александр Александров сөз алып, жиналғандарды қос мерекемен құттықтады. Құрама жемнің барлық түрін шығаратын зауытты ХХІ ғасырдың озық үлгілі нысаны деп баға берді. Бұдан әрі облыс басшысы зауыт қондырғысының тетігін басып, салтанатты жағдайда іске қосты. Зауыт ішін аралап, жұмысымен танысты. 2010 текше метр шикізат сақтауға арналған аралық элеваторы бар зауытта темір жол тармағы да жүргізілген. Өнім тек ішкі нарыққа емес, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан, Әзірбайжан, Грузия елдеріне де өткеріледі деп күтілуде. Жүгері, соя, бидай, арпа сынды сан алуан дәнді дақылдардан әр мал түріне жекелей дайындалатын құрама жемнің арқасында сиыр сүтінің майлылығы, 15-35 пайызға артады. Жұмыртқа өндіру көлемі де шамамен 25 пайызға дейін жоғарыламақ. Сондай-ақ, жылқы, қой секілді өзге де төрт түліктің сапасы артып, олардан алынатын өнімнің де, төлдің де көрсеткіштері жақсара түспек.

Ал, алдағы уақытта зауыт басшылығы мұнда жем ғана емес, мақсары, соя майын шығаруды да жоспарлап отыр.

Алдияр Барысхан,

Жамбыл облысы

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>