• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жамбыл облысы: Жұмыспен қамту орталығы жаңа ғимаратқа көшті

05 Желтоқсан, 20175750


Биыл Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданғаны белгілі. 2018 жылдың қаңтарынан бастап жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік төлемдер жаңа талаппен төленіп, жүйе жаңа форматқа көшірілмек. Жалпы алдағы уақытта бұл салада үлкен бетбұрыс жасалады деп күтілуде. Дегенмен, ең маңызды жаңалық осы жылы болып, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы жаңа ғимаратқа көшті.

Бұл ғимараттың құрылысына облыстық бюджеттен 44,5 миллион теңге қаражат бөлініп, талапқа сай жөндеуден өткізілген еді. Орталыққа 12 жаңа компьютер сатып алынды. Енді 47 қызметкер жұмыс істейтін орталық жаппай кәсіпкерлікті дамытуда, тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту міндетін тың серпінмен атқаратыны анық. Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жаңа ғимаратқа көшкен жұмыспен қамту орталығына келіп, күту залын, азаматтарды электронды негізде қабылдауға арналған бөлімді, талон беретін терминалды, балалар ойын залын, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлмелерді аралап көріп, қызметкерлердің жай-күйімен танысты. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков пен Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Ілияс Дүйсенге келушілердің талабын жедел орындау және оларға әлеуметтік төлемдер төлеу жүйесіндегі өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертті. – Жұмыспен қамту орталығында қызметкерлерге және келушілерге барлық жағдай жасалған. Облысымызда 191 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алатын болса, оның 30 мыңы Тараз қаласында тұрады. Сондықтан, бұл орталыққа жүктелер жауапкершілік жоғары. Орталық жаңа талап бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасында көзделгендей техникалық және кәсіптік білім беруді, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыруы тиіс. Ниеті бар отбасыларды Солтүстік облыстарға көшіру жағдайына да осы орталық ықпал етуі қажет. Бұл жұмысты үйлестірудің мәні – түсіндіру жұмыстарында. Солтүстікке қоныс аударған отбасыларға жер берілетінін, жұмыспен қамтылатынын, балабақшамен қамту жедел шешілетінін, мал шаруашылығымен шұғылданамын деушілерге жәрдем берілетінін кеңінен түсіндірген жөн, – деді Бекболат Серікбекұлы.

Алдияр Барысхан,

Жамбыл облысы

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>