• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жамбыл облысындағы 3000-4000 жылдық көне жәдігерлер табылды

02 Желтоқсан, 20173040


Жамбыл облысының Жуалы ауданынан Баркуап қалашығының шаруашылық бөлігі табылды, деп хабарлайды arasha.kz Хабар24 телеканалына сілтеме жасап.  

Көне қалашық барлау экспедициясы кезінде анықталған. Бұған дейін қаланың солтүстік шығыс бағытында орналасқан қала қамалы туралы ақпарат таратылған болатын. Оның аумағынан 600-ден астам жәдігерлер табылды.

Енді археологтар тапқан табыстарының қай кезеңге тиесілі екенін анықтауға кірісті. Көне қалашықтың ресми атауы - Бурнооктябр­ьское, алайда араб жазбаларына сәйкес, Баркуап деп өзгертілген. Аттас ауыл қазір көне қалашық орнында орналасқан. Ауыл қарттарының айтуынша, өткен кезеңдегі өркениет белгілері ауылдың әр жерінен байқалады. «Тұрғындар өз аулаларынан көне ыдыс бөлшектерін жиі кездестіреді. Біздің аталарымыз жер асты жолдарын көргенін айтып отыратын. Көпшілік көліктерінің астында ойық пайда болатынын, орнын толтырып қойғанымен, аз уақыттан кейін қайта пайда болатынын да айтып жүреді. Біз жер астында көне қала бар деп ойлаймыз», - дейді ауыл тұрғыны Аташбек Әмірқұлұлы.

«Құмғандар біздің эрамызға дейінгі 1,2 ғасырларға тиесілі, сол себепті олар керемет олжа. Қаланың үлкен болғаны анық. Тұрғындардың бастамасы болмаса, 10-15 жылдан кейін қала жоғалып кетер еді. Өйткені, айналада жаппай құрылыс жүргізіліп жатыр. Ал қазір тарихымызды қайта ақтаруға мүмкіндік бар», - деді Жуалы ауданының әкімі Бақтияр Көпбосынов.  Археологтар көп ғасырлық тарихы бар құпияны ашуға ниеттеніп отыр. Олар көне қаланың шаруашылық бөлігін тапты.

«Бұл жерде асхана немесе ас үй болуы мүмкін. Бұл жерден ошақ пен пеш орны табылды. Керамикалық ыдыстардың да көп бөлігі осы жерден шықты. Мәселен, құмғандар, тәрелкелер», - деді археолог Ескендір Торбеков. Бұл олжалар - дамыған мәдениеттің белгісі. Көне Баркуап қалашығы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.  Ол кездерде бұл жерде қызу сауда жүрді, әлемнің әр түкпірінен көпестер келді. Қазба жұмыстары кезінде тарихшылар 10-12 ғасырлардағы мәдени кезеңдерді зерттеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл кезде қараханидтер өмір сүрген.

«Бұл қаланың тарихы 2 мың жылдан асады, демек 7-6 ғасырмен шектелмейді. Біздің эрамызға дейінгі 1,2 ғасыр болуы мүмкін деген болжам бар. Егер бұл дерек расталатын болса, бұл жерде қангөй көсемдерінің жазғы резиденциясы, астанасы - Битянь қаласы болды деп сеніммен айтуға болады», - деді археолог. Бұл болжамды нақтылау үшін, ғалымдар табылған керамикаларды Алматы қаласындағы геоархеологиялық зертханаға, ал жер қыртысын Жапонияға жіберді. Әріптестердің зерттеулері жамбылдық археологтарға қаланың қай кезеңге тиесілі екенін анықтуға көмектесіп, нақты тұжырым шығаруға мүмкіндік береді. Жуалы ауданы басшылығы бұл жерден ашық аспан аясындағы мұражай ашу ісін жоспарлап отыр.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>