• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Батыс Қазақстан облысында жаңа құс фабрикасы іске қосылды

07 Желтоқсан, 20173140


Бүгін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Елді жаңа индустриаландыру: Қазақстан барысының серпіні» атты телекөпір өтіп, еліміздің барлық өңірлерінде жаңа агроөнеркәсіптік, индустриалды-инновациялық жобалар іске қосылды, деп хабарлайды arasha.kz Олардың қатарында жылына 7000 тонна құс етін өндіруді көздеп отырған «Жайық Агро LTD» ЖШС де бар.

Жаңа құс фабрикасының жобалық құны – 4 200 млн. теңгені құрап, 150 жаңа жұмыс орны ашуды көздейді. Құс фабрикасы ең алдымен ішкі нарықты сапалы, экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімімен қамтамасыз етуге бағытталған. Кәсіпорынды іске қосу құс етінің импорт көлемін азайтуға ықпал етіп қана қоймай, оны экспортқа шығаруға да мүмкіндік тудырмақ. Сондай-ақ «Жайық АГРО» ұжымы алдағы уақытта құс азығын дайындайтын арнайы зауыт ашуды да жоспарларына енгізген.

– Елбасының тапсырмасымен біз экспортқа бағытталған өндірісті арттыру үшін жұмыстанудамыз. Биыл өңірде жалпы құны 8,2 млрд теңге болатын 10 жаңа жоба жүзеге асса, оның 6-уы экспортқа тауар шығаруға бағытталған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге де ерекше мән берілуде. Бүгін Елбасының қатысуымен өткен телекөпірде біз жылдық қуаты 7000 тонна құс етін шығаратын жаңа кәсіпорынды іске қостық, - деді облыс әкімі А. Көлгінов.

Айта кетейік, өткен жылы өңірдің сыртқы тауар айналымы 4 млрд. АҚШ долларын құраса, оның 500 млн. АҚШ доллары Еуразиялық экономикалық одақтың үлесіне тиеді. Биылғы нәтижелер экспорт көлемінің былтырғымен салыстырғанда 10 пайызға өскенін көрсетіп отыр.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>