• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Астанада Internet of Things дамуы талқыланды

08 Желтоқсан, 20172720


IoT Forum Astana 2017 күнделікті өмірде қарапайым заттардың  объектілердің есептеу желілерін ұйымдастыру, сондай-ақ, Internet of Things ұғымын күнделікті өмірге енгізу мәселелерін көтерді.

Форум ашылуында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев «Инновациялық Қазақстан-2020»  мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар туралы баяндады.

 «Бүгін Қазақстан электронды үкіметті дамытуда 33-ші орынды иеленіп келеді. Елімізде электрондық үкімет порталы арқылы сапалы мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін көп нәрсе жасалды»,- деді А. Жұмағалиев.

Ақпараттық коммуникациялар министрі Дәурен Абаев сарапшылардың статистикасына сілтеме жасай отырып, олардың болжамдарына сәйкес, Internet of Things инфрақұрылымы бір триллион құрылғыға және 100 миллион қосымшаға таратылатынын айтты.

«Мемлекетіміздің басшысы біздің алдымызға үлкен міндет қойды, сондықтан біз сол нәтижеге жетуге тырысамыз. Егер ең жоғары саяси деңгейдегілер Қазақстанды цифрландыру мен одан экономикалық нәтиже алуға бар күшін салатын болса, аталған мақсатқа жетпей қоймайтынымыз анық»,- деп мәлімдеді Дәурен Абаев.

Өз сөзінде «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев Internet of Things компания үшін жаңа компонент екенін атап өтті.

«Биылғы жылы біздің компания әрбір үйге бейнебақылау орнатып, үлкен жобаны  іске асырды. Біздің осы қызметіміз республикамыздың 14 қаласында көрсетіледі. Үш жыл ішінде біз көпқабатты үйлердің әрбір кіре берісін максималды қамтуға тырысамыз»,-деді Қ. Есекеев.

Ірі масштабтағы алғашқы Қазақстандық «Internet of Things» форумы шетелдік және отандық сарапшылардың, түрлі мүдделі компания өкілдерінің басын біріктірген бірегей алаңға айналды.


<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>