• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік саласындағы жетістіктері

08 Желтоқсан, 20172000


Агроөнеркәсіптік сала Қызылорда облысында қарқынды жүруде. Жыл сайын аймақта қажетті кәсіпорындар ашылып, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, мал өсіру басты назарда ұстап келеді. Әрине, бәрі де оңай емес. Дегенмен шаруалар мемлекеттік көмегімен өзгеріне де, ел экономикасына да қажетті табыстарды алып келуде. Алысқа бармай-ақ қоялық, бір ғана мысал. Жақында облыс орталығы түгелі алысқаты аймақтарда да өнеркәсіп дамуда. Арал ауданындағы Қаратерең ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер өз бизнесін ашып балық қабылдау және тоңазыту цехын іске қосты. Үлгі боларлық іске адуан басшысының өзі келіп елді мекен тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, нысанның салтанатты ашылу салтанатында аудандық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Айбосынов және ауыл ардагері И.Дүйсенғалиевтер сөз алып, кәсіп иесіне сәттілік тіледі.

Қазына Шаудырбаева есімді кәсіпкер бастап отырған бұл цехтың жалпы құны 60,0 млн теңгені құрайды. Негізгі жылдық өндіріс қуаттылығы 2500 тоннаны құрайтын цех тәулігіне 4 мұздатқыш камераларының арқасында тәулігіне 15 тонна балықты қатырып, 280 тонна балықты сақтауға мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар, қатырылған, сұрыпталған балықты Қазақстанның өзге аймақтарына, Ресей еліне экспорттауға мүмкіндігі бар. Бүгінде, кәсібі аясында 15 адам жұмыс істесе, маусымдық мезгілде 25 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Айта кету керек, бүгінде балық шаруашылығын ата дәстүрге айналдырып, жарасымды жалғасын үзбей, ата кәсіптен айнымай тіршілік етіп отырған Қаратерең елді мекені жылдан жылға өркендеп, балық шаруашылығын қарқынды дамытуға үлес қосып келеді.

Облыс көлемінде өзге де қуантарлық жағдайлар жеткілікті. Мысалы Қызылорда облысы бойынша өндірісі мен шаруашылығы қарқынды дамыған аудандардың бірі Қазалыда 38 ауылшаруашылығы кооперативтері құрылған. 

Биылғы жылдың өзінде Қазалыда 9,3 млрд теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілген. Сондай-ақ ауылшаруашылығын дамыту үшін 135 млн теңге инвестиция салынды. Қазалының диқандары да биылғы жылды табысты аяқтады.Атап айтар болсақ, барлығы 17 000 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егіліп, 6700 гектар күріштің әр гектарынан 45 центнерден өнім жиналды. Нәтижесінде ел қамбасына 30 мың тоннадан астам астық құйылды. Осы жылы «Сыр Маржаны» ЖШС Иран кәсіпкерлерімен меморандумға отырып, сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортты күрішін келер жылы 150 гектар жерге ұлғайтып егуді жоспарлап отыр. Ауданда ауылшаруашылығына қажетті техника және жабдықтармен қамтамасыз етілген. Егін науқанына 281 млн теңге тұратын 28 ауылшаруашылығы техникасы алынды. Алдағы жылы ауылшаруашылығына қажетті техника мен құрал-жабдықтар алу үшін 117 млн теңге қарастырылып отыр.

Бір ерекше айта кетерлігі, Қазалыда мал шаруашылығы да қарқын алып келеді. Статистикалық есептерге сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда малдың барлық түрінде өсім бар. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара - 103, қой - 108,5, ешкі - 103,7, жылқы - 120,1, түйе - 113,9 пайызға көбейіп отыр. Қазірдің өзінде  5804 бас құс өсірілуде. Бір айта кетерлігі, 67,6 пайыз шаруа қожалықтары жеке азаматтардың үлесінде. Ауылшаруашылығын дамытуға бағытталған «Құлан» бағдарламасы  211,3  пайызға,  «Сыбаға» бағдарламасы  61,8 пайызға орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша бірқатар шаруа қожалықтары құжаттарын тапсырып, қаржыландыруды күтуде. Бүгінгі күнге дейін ауданда 4 375,3 тонна ет, 12 564 тонна сүт өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда 102 пайызға артық. Қазалыда ет экспорты жолға қойылған. «Сыр маржаны» ЖШС-ның 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңында осы уақытқа дейін 770 бас мал бордақыланып, сатылды. Қазіргі таңда жоғары оқу орнын бітірген жастар үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы да ауданда табысты орындалуда. Аталмыш бағдарлама аясында 100 маманға 325 млн теңге көлемінде несие қарастырылды.

Өзге аймақтарда қалысар емес. Атап кетсек, Қармақшы ауданындағы ең ірі жылыжайда лимон өсірмек. Хабар24 телеканалы хабарлағандай, негізінен 1 мың 600 шаршы метр аумақта 3,5 мың түп қызанақ пен 1,5 мың түп қияр күтімге алынған. Алдағы уақытта мұнда көкөністен бөлек цитрус өнімдерін өндіру жоспарда бар. Кәсіпкер тіпті экзотикалық жидектің бірнеше түрі егіп, сынақтан өткізген. Кәсіпкер жылыжай шаруашылығын құру үшін мемлекет тарапынан 10 млн теңге жеңіл пайызды несие алыпты. Алдағы уақытта тағы аумағы 2 мың шаршы метрді құрайтын жылыжай салып, өнімділік көлемін арттырады. Жалпы Қармақшы ауданында мұндай шаруашылық енді дамып келеді. Бүгінде аудан бойынша 2 мың 650 шаршы метрді құрайтын 4 жылыжай ғана бар. «Осыны сырттан кіретін көкөніс өнімдерінің орнын өз жерімізден шыққан өнімдермен алмастыруға ұмтылу деп қараған жөн. Әрі лимон егеміз деген ойымыз бар. Бір-екі түрін егіп бастап көрдік, болады екен, біздің жерге жерсінеді екен. Оның да шамалы микроклиматын келтіру керек»,-дейді кәсіпкер Ербол Ешмұратов.

Агроөнеркәсіпті балық шаруашылығынсыз елестету мүмкін емес. Арал теңізі облыс аумағына енгендіктен, әрине, аймақта бұл салаға ерекше назар аударуда. Мысалға, «Қамыстыбас» балық тұқымбағы 14 млн 800 мың  шабақты өңірдің су айдындарына жіберді.ҚазАқпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, жаз бойы күтіммен өсірілген балықтар Арал теңізі мен көлдер жүйесінің экоқорын молайтып келеді. Соңғы жылдары «Қамыстыбас» балық тұқымбағының қуаттылығы 5 есе артып, жылына дайындалатын шабақ саны 15 млн-ға жеткен. Бұл тек аймақ бойынша ғана емес, өзге өңірлердің де су айдындарын балықтандыруға жеткілікті. Арал ауданындағы Қосжар мен Тастақ ауылдарындағы иірімді арналар балық қорын көбейтуге қолайлы орын. Сондықтан осы жердегі 224 гектарлық аумаққа теңіздегі тіршіліктің түлеуіне тірек болған 34 су тоғаны шоғырланған. Сол тоғандардан сүзілген балықтар саны мен салмағына дейін өлшеуден өткізіледі.    Бүгінде жүз шақты түтін қоныстанған Қосжар елді мекенінің 150-ге жуық тұрғыны қысы-жазы осы тұқымбақта тер төгеді. Шүпірлеген майда шабақты ерекше мәпелейтін мамандар жыл бойғы жұмысының нәтижесін қорытындылайтын сәт туды. 2010 жылдан бері қарай 105 млн-дай бір жаздық шабақ, 5 млн-ға жуық 2 жаздық шабақ су айдындарына жіберіледі. Арал теңізінің тұз татыған суына камбала балығы шыдас беретін. Ал қазір ашық айдыннан су маржанының жиырма шақты түрі ауланады. Теңіздің ихтиофаунасы жақсаруына орай «Қамыстыбас» тұқымбағы енді бекіретұқымдас қаяз және пілмай балықтарын өсіруді қолға алмақ.  

Ауылшаруашылығын дамытуға байланысты қазіргі таңда Елбасы тапсырмасына сәйкес кооперативтер құру жүзеге асырылуда. Шаруалардың айтуынша, шағын шаруашылықтар кооперативке біріксе, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау бар, қаржылай демеу болады. Яғни, жеңілдетілген несие мен инвестициялық субсидияға қол жеткізуге, техниканы жаңартуға мүмкіндік мол. Биыл республика бойынша 448 кооператив құрылса, оның 94-і Қызылорда облысына тиесілі. Соның бірі - Сырдария ауданы Ақжарма ауылындағы «Ақжарма инвест» кооперативі. Ауылдағы 23 адам бір құрылымға бірікті. Барын ортаға салды, мүмкіндік артты, жұмыс ауқымы көбейді, табыс молайды.  «Ақжарма Инвест» кооперативінің төрағасы Қайрат Нұрсейітовтың айтуы бойынша: «Мемлекеттің қолдауларын толық пайдаланып отырмыз. «Сыбаға» бағдарламасымен мал алдық, қазір малдың санын көбейттік. Кооператив құрылып, 23 адамға жұмыс берілді. Малдарын бордақылап, қазір бағып жатыр. Бордақыланған түліктің етін өткізу мәселесі де шешілді. Мал сою бекеті салынып жатыр. Ол үшін «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» жеңілдетілген несие алды. Ал, мынау тәулігіне 60 тонна күріш ақтайтын зауыт. Қытай технологиясымен жұмыс істейді. Биыл 1440 гектар жерге күріш егіп, оның әр гектарынан 70 центнерден өнім алған кооператив дақылды әбден сұрыптап, тазартып, экспортқа шығарады.  Гүлжәмила, Тоқжанова, зертханашы: - Лидер, Фаворит, Янтарь деген күріштерді зауытта күндізгі ауысымда 15 тоннадан, кешкі ауысымда 15 тоннадан ақтап шығарамыз. Күрішіміздің сапасы өте жақсы.  «Ақжарма Инвест» енді сүт бағытында да жұмыс істейді. Жақын күндері сүт қабылдау бекетін іске қоспақ. Сүттен қаймақ пен сүзбе, йогурт әзірлеу жоспарланып отыр. Қазір тасы өрге домалаған Ақжармада жұмыссыз адам жоқ. Барлығы шаруашылықта еңбек етеді. Шаруашылық есебінен жас мамандарға үй салынып берілді. Көмекті қажет ететін отбасыларына қолдау бар. Мешіт пен пошта ғимараты бастан-аяқ жөнделді. Ал, ауылда жаңадан ашылған әлеуметтік дүкеннен тұрғындар азық-түлікті арзан бағамен алады» дейді.

Айта берсек көп-ақ. Дегенмен, ресми деректерге кезек берейік. Облыс әкімшілігінің ресми сайтында жарияланған деректерге сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 61,3 млрд. теңгенің өнімі өнідіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғада өсім 4,1% құрады. 

Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 2 717,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 77,1% құрады. Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 110,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 32,1% құрады. Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 9,3 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 2,3% артты. Облыс бойынша 2017 жылдың 1 қазанын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 5,8%-ға, қой мен ешкі 5,2%-ға, жылқы 15,3%-ға, түйенің саны 12,4%-ға, құстың саны 4,9%-ға көбейді.

Ет өндіру (тірілей салмақ) 2,7%-ға, сүт өндіру 1,3%-ға, жұмыртқа өндіру 15,8%-ға өсті. Облыс бойынша тамақ өнімдерін өндіру көлемі 23,0 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 98,2% құрады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2017 жылдың қыркүйек айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 103,1% (республика бойынша 103,1%) құрады. 

Жаман көрсеткіш деп ешкім де айта алмас. Дәл осы дерекке сәйкес, облыс көлемінде ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 181,2 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады. Осыдан бүгінгі күнге 146,5 мың гектары немесе 80,8%-ы жиналып болды. Оның ішінде, картоптың 3388 гектары (77,7%), көкөністің  4554 гектары (91,1%) және бақша дақылдарының 6873 гектары (94,7%), дәндік жүгерінің 381 гектары (52,6%), тарының 214 гектары (55,2%) және сүрлемдік жүгерінің 490 гектары (80,3%)  жиналды. Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарымен есепті кезеңге 763,3 мың тонна немесе 102,7 % (меже 743 мың тонна) мал азығы дайындалды. Оның ішінде 178,8 мың тонна жоңышқа шөбі, 6,8 мың тонна сүрлем, 520,5 мың тонна табиғи шөп және 57,2 мың тонна сабан дайындалды.

Тұқым шаруашылығына келетін болсақ, 2017 жылдың егісіне 637 тонна күздік бидай тұқымы дайындалып, егілсе, көктемгі дала жұмыстарына 484 тонна жаздық бидай, 66 тонна арпа, 147,5 тонна мақсары, 188,3 тонна жоңышқа  және негізгі дақыл күріштің  23355 тонна тұқымдары құйылды. 

Сонымен қатар, жоғары сұранысқа ие күріш сорттарын өсіруді ұлғайту мақсатында ағымдағы жылы «АгроХолдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы облыстық бюджеттен бөлінген 100 млн. теңгеге Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінен 333 тонна элиталық сорттары әкелініп «Түгіскен ТШ» ЖШС, «Таң ЛТД» ЖШС, «Төңкеріс» ШҚ тұқым шаруашылықтарына бөлініп берілді. 

2016 жылы Иран елінде үлкен сұранысқа ие күріштің «Тором Хошеми» сорты тәжірибелік негізде өсіріліп, өнімділігі мен сапасы бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізілді. Қармақшы ауданында «Ақтөбе К» шаруашылығында осы Иран сорты 70 гектар жерге егілді. Ағымдағы жылы осы сорт өнімін Иранға экспортқа шығару жоспарлануда.

Мал шаруашылығы әрине көп пайда табуда. Облыс бойынша 2017 жылдың 1 қазанына 295,4 мың бас мүйізді ірі қара, 704,3 мың бас қой мен ешкі, 120,9 мың бас жылқы, 44,7 мың бас түйе, 2,1 мың бас шошқа және 103,4 мың бас құс өсірілуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 5,8%-ға, қой мен ешкі 5,2%-ға, жылқы 15,3%-ға, түйенің саны 12,4%-ға, құстың саны 4,9%-ға көбейді. Есепті кезеңде облыс бойынша барлығы 24,2 мың тонна ет (тірі салмақта), 61,3 мың тонна сүт, 793,4 тонна жүн және 4678,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім тиісінше ет 2,7%-ға, сүт 1,3%-ға,  жүн 6,3%-ға және жұмыртқа өндіру 15,8%-ды құрады. Облыс бойынша 2017 жылдың қысына түсетін төрт түлік мал басына 660,0 мың тонна шөп қажет болса,  710,1 мың тонна  шөп  (107,6 %),  8,8 мың тонна жүгері сүрлемі (110,0%) және 79,0 мың тонна сабан (105,3%) дайындалды. 

Осы саланы өркендету үшін бірнеше мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар арнайы ұйымдастырылғаны белгілі. Енді осылардың нәтижесін көрейік. «Сыбаға» бағдарламасына сәйкес үстіміздегі жылы 2100 бас аналық сиыр (72 бұқа) сатып алу жоспарланып осыдан  бүгінгі күні 69 шаруашылық 2504 бас сиыр (119 бұқа) сатып алып, жоспар 119,2 пайызға орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1000 бас қой (40 қошқар) алу жоспарланып, 11 шаруашылық 1633 бос қой (167 қошқар) сатып алып, жоспар 163,3% орындалды.  «Құлан» бағдарламасы бойынша 500 бас жылқы сатып алу жоспарланып, бүгінгі күні 22 шаруашылық 645 бас бие (53  айғыр) сатып алып жоспар 129,0 %-ға орындалды. 

Әрине, барлық өнімді өзіміз ғана тұтынбасымыз анық. Алыс-берісі қашан да дамыған мемлекетпіз. Қызылорда облысының бұ іске қосып отырған көмегі де жоқ емес. Мысалы, Иран Ислам Республикасының «Inchen Broon Cooperative, Inc» компаниясымен жасалған келісімдерге сәйкес, ағымдағы жылы Қызылорда қаласына қарасты «Күшімбаев Агро» ауыл шаруашылығы кооперативі Иран Ислам Республикасының «Inchen Broon Cooperative, Inc» компаниясына 812 бас қозыны тірілей салмағы 26,5 тонна экспортқа шығарды. Сонымен қатар Жаңақорған ауданы 1132 бас қозыны тірілей салмағы 36,5 тонна Жамбыл облысы арқылы Біріккен Араб Эмиратына экспортқа шығарды. Жалпы алып қарайтын болсақ, 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының статистикалық қорытынды мәліметтеріне сәйкес облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 23 млрд. теңгені, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 98,2 % құрады. Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, күрішті өңдеу артып отыр. 2017 жылдың қаңтар-науыз айында  123396  тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,2 %- ға артқан. 

Енді бірер сөз балық шаруашылығы жайында. 2017 жылдың 9 айында 3512 тонна балық ауланып, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін республикалық бюджетке 80 млн. теңге қаржы түсірілді. 2017 жылдың 9 айында облыс аумағынан 2335 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде Ресей Федерациясына - 1 577 тонна және Европа елдеріне - 758 тонна (Дания, Германия, Польша, Әзірбайжан, Голландия, Грузия, Өзбекстан).

Әрине, бір мақала барысында облыстың барлық жетістіктерін тізіп айту мүмкін емес. Біздің мақсатымыз да ол емес еді. Тек оқырман қауымды таныстырып, облыстың белсенділігін көрсету еді. Келер жылы да осы игі істер жалғасып, Қызылорда облысы және барлық облыстар еліміздің өркендеуіне сөп үлес қосатынына сенімдіміз.

О. Рымбекұлы

Arasha.kz

 

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>