• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Агроөнеркәсіптік кешені дамуының ШҚО-дағы көрінісі

08 Желтоқсан, 20171600


Шығыс Қазақстан облысында «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ойдағыдай жүргізуде.  Әрине, қиындықтар да бар. Бірақ барлық істің қиындығы мен қызығын қатар көрген шаруалардың көңілі көтеріңкі. Жалпы, егіншілік – Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығының негізгі саласы. Өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруге арналған дақылды өсімдіктер өсірумен айналысады. Аталған сала халықты тағам өнімдерімен, мал шаруашылығы өнімдерімен және мал азығымен қамтамасыз етеді. Бір ғана мысал, өсімдік шаруашылығы саласына жасалған талдау нәтижесінде көптеген жетістіктерді көрудеміз.

Өткен жылы ауылшаруашылық дақылдарының өсу және қалыптасу кезеңіндегі ауа райының қолайсыздығы салдарынан дәнді дақылдар мен астық өндіру бойынша алынған көрсеткіштер екі жыл бұрындыдан жоғары болып шықты. Биыл тіптен көп. Облыс әкімдігінің  статистикалық мәліметіне сәйкес, 2017 жылы 567 мың га дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын (оның ішінде күздік дақылдар – 29 мың га), майлы дақылдар 432 мың га, картоп – 20 мың га, көкөніс және бақша дақылдары 13 мың га және мал азықтық дақылдар 284 мың га егілді және жинап алынды. Қазіргі уақытта күздік дақылдар жинау жұмыстары аяқталып, дестеленді. Бір гектардан алынған орташа түсім бункердегі салмақпен 16,9 ц/га құрайды.Жалпы дәнді дақылдар 450,1 мың га (79%) жиналып, орташа түсім 13,2 ц/га құрады. Егін жинау жұмыстарына 15 мыңнан артық техника қатысуда, комбайнның орташа мерзімдік жүктемесі 350 га, бұл жинау жұмыстарын нормативтік агротехникалық мерзімде аяқтауға мүмкіндік береді. Егін жинау науқанын табысты аяқтау үшін облыстың шаруашылықтарына 28 мың тонна дизель отыны қажет. Бүгінгі күні дизель отынымен қамтылу деңгейі 61,4% (17,2 мың тонна). Есептік күнге жалпы облыс бойынша 2190,1 мың тонна пішен, 100,3 мың тонна пішендеме дайындалды.
Дәнді дақылдарды жинау және мал азығын дайындау жұмыстарынан басқа күзгі дақылдарды егу және сүдігер жырту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 18 мың га жерге күздік дәнді дақыл себілді. Сүдігер 210 мың га немесе 43% алқапта көтерілді. Бұл негізгі жұмыстың нәтижесі ғана. Ресми деректерге тіркелмегені қаншама.

Енді ауыл шаруашылығының басты бөлігі болып табылатын дала жұмыстарын субсидиялау жайында тоқталып өтейік. Өсімдік шаруашылығын қолдау мақсатында биылғы жылы облыстық бюджеттен 3,7 млрд. теңге субсидия бөлінді, оның ішінде: тұқым шаруашылығын қолдауға – 704 млн. теңге, минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандатуға – 1 млрд 490 млн. теңге, гербицидтердің құнын арзандатуға – 1млрд. теңге, гектарлық субсидиялауға – 380 млн. Теңге, су беру құнын субсидиялауға – 156,3 млн. теңге. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бидай және арпаны форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 77 млн теңге көлемінде кредит алды. Сонымен қатар, «ҚазАгро» АҚ қаржы институттары арқылы 2017 жылдың көктемгі егіс және күзгі жинау жұмыстарын жүргізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 1 млрд 445 млн теңгеге қаржыландырылды. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 941,8 млн теңге сомасын құрайтын 70 бірлік техника лизингке берілді.

Бұл өте тамаша нәтиже деп есептейміз. Шығыс Қазақстан облысының тағы бір ауыл шаруашылық саласы - мал шаруашылығы. Бұл облыстың аграрлық экономикасындағы жетекші сала. Облыста сүт және ет бағытындағы мал шаруашылығы, қылшық жүнді және биязы жүнді қой шаруашылығы, ешкі шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, құс шаруашылығы, бұғы шаруашылығы және ара шаруашылығы дамыған.

Қолда бар мәліметтерді саралай келе, облыстың мал шаруашылығының ағымдағы жылдың алты айдағы дамуына жасалған талдау, аталған саланың әдеттегідей жетекші сала екенін көрсетті. Талдау жасалған кезеңде мал шаруашылығы өнімінің көлемі113,2 млрд.теңгені құрады. Өнім өндіру өсімі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,3% құрады. Нақты көлем индексі 104,7% жетті. Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі бойынша облыс Республикада 3 орын алады.

2017 жылғы бірінші жарты жылда барлық санаттағы шаруашылықтарда 106,1 мың тонна тірі салмақта етөндірілді немесе 2016 жылғы тиісті кезеңдегіден 6% артық.Сүт өндіру 406,8 мың тоннаға, жұмыртқа - 71,8 мың тоннаға жетті. Ет, сүт және жұмыртқаны негізгі өндірушілер халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары болып табылады. Олар 6 айда тиісінше облыстық көлемнің 43%, 66 % және 82% өндірді. Енді жақында толық бір жылдық есептің көрсеткісін күтудеміз.

Әрине, бәрі жемісті болып жатыр деп айтудан аулақпыз. Сондықтан болашақта қамшы басатын кемшіліктерді көрсете отырып, шаруалар мен тиісті мамандар қажетті қорытынды шығара алады деген сенімдеміз. Жалпы облыс бойынша сүт өндіру қарқыны жақсы болғанмен Риддер қаласының шаруашылықтарында сауылған сүт көлемі2016 жылғыдан 27% төмендеп,небары 73% құрады. Зырян ауданында сүт өндіру 4%, Семей қаласының шаруашылықтарында 1,1% азайды. Шемонаиха және Катонқарағай аудандарында да сүт өндіру көлемі өткен жылғы деңгейге жепеді. Жұмыртқа өндіру бойынша облыс 2016 жылғы деңгейді көрсетті. Ол Катонқарағай ауданында 7,8 %-ға төмендеп, небары 92,2% орындалды. Күршім және Ұлан аудандарында жұмыртқа өндіру 5%-ға азайды. 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2016 жылғы осы деңгеймен салыстырғанда жалпы облыс бойынша МІҚ саны  44,5 мың басқа, жылқы 30,9 мың басқа, құс 395,1 мың басқа артты. Сонымен қоса мүйізді ірі қараРиддер, Зырян және Шемонаиха аудандарында 2016 жылғы осы деңгеймен салыстырғандатиісінше 9,2%, 4,2% және 1,1% азайды. Сиырлар саны Риддер қаласының шаруашылықтарында  25% кеміді. Жылқы саны жалпы облыс бойынша өскенімен Шемонаиха ауданының шаруашылықтарында ол 1,3% кеміген.  Талдау жасалып отырған кезеңде (2017 жылғы қаңтар-маусым) облыстың Бородулиха ауданынан басқабарлық аудандарындақой саны 7,4% қысқарды.Қой санының ең көп кеміген көрсеткіші Зырян ауданында -25,7%. Облыс бойынша қой мен ешкі санының жалпы кему процесісоңғы 5 жыл бойы байқалып келеді. Оның негізгі себебі – ішкі рынокта қой шаруашылығы өніміне сұраныстың жоқтығы. 2017 жылғы 6 айдағы жұмыс қорытындысы бойынша жалпы облыста Бородулиха, Глубокое және Ұлан аудандарынан басқа аудандарда шошқа саны азайғаны байқалады.

Облыс әкімшілігі берген ресми талдауға сәйкес, жалпы облыс бойынша барлық санаттағы шаруашылықтарда бір сиырдан сауылатын орташа сүт көлемі 2,1%  азайып, 994 килограмды құрады. Семей, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Көкпекті, Тарбағатай және Ұлан аудандары ғана сүт сауу көлемін өткен жылмен салыстырғанда 0,2% - 7,7% арттыруды қамтамасыз етті. Дегенмен, бірінші жарты жылдықта малдан төл алу деңгейі төмен болып шықты. Облыс бойынша әрбір 100 аналықтан 77 бұзау (2016 жылмен салыстырғанда 3 басқа кем), қозы 90 бас және құлын 72 бас алынды. Бірінші жарты жылдықта сүтті ірі қара шаруашылығын дамыту бойынша пилоттық жобаны іске асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспарланған 9 ТСФ  салу жұмыстары барлық 9 фермада жүріп жатыр,оның 8-і2017 жылы пайдалануға беріледі.Одан басқа 9 фермада жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр және оның ішінде 5 ферма 2017 жылы және 4 ферма 2018 жылы тапсырылатын болады. 1 шілдедегі жағдай бойынша құруға жоспарланған 10 СҚП-ның 7-і құрылды.Қалған 3 СҚП 1 қазанға дейін тапсырылатын болады. Жарты жылда жеке қосалқы шаруашылықтарданжоспардағы 8 328 тоннаның орнына 8 386,5 тонна сүт сатып алынды,яғни жоспар 100,7% орындалды. Сүт сатып алу жоспарын Семей, Риддер қалалары, Жарма, Зырян, Көкпекті аудандары орындамады. Тағы да ескерте кетейік, бұның бәрі де облыс әкімшілігі бізге ұсынған ресми деректері.

Жалпы қарайтын болсақ. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген сегіз міндеттің басты бір міндеті ұсақ және орта шаруашылықтарды ауылшаруашылық  кооперацияларына біріктіру болып табылады. Аталған жұмыс бағытының маңыздылығын ескере отырып, ауыл шаруашылығы басқармасы жоспар-тапсырма әзірлеп, бекітті. Аталған тапсырма барлық қалалық және аудандық әкімдіктерге беріліп, қазіргі уақытта оны іске асыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Биылғы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тапсырмада көрсетілген 7,4 мың ұсақ шаруашылықтың орнына (жылдық жоспар бойынша 15,7 мың шаруашылық) кооперативтерге 5,6 мың шаруашылық біріктірілді немесе жарты жылдық жоспардың 76% орындалды. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарын кооперативтерге біріктіру жұмыстары мына аудандарда баяу жүргізілуде: Абай, Бородулиха, Глубокое, Күршім, Зырян, Шемонаиха, Семей және Риддер қ.,. Күршім, Ұлан аудандарында және Риддер қаласында маусым айында бір де бір шаруашылық кооперацияға тартылмаған Одан басқа, Мемлекеттік бағдарлама бойынша 38 пилоттық  кооператив, оның ішінде 32 сүтті және 6 етті бағыттағы кооператив құру көзделген. Осы уақытқа дейін облыс бойынша 25 пилоттық кооператив құрылғынын ескере кету керек. Сондай-ақ талдау көрсеткендей, бүгінгі күні құрылған 25 АШК-ның 18-і ғана қарыз қаражаттары мен субсидия алу үшін саны бойынша қаржы институттарының критерилеріне (20 қатысушыдан кем емес) сәйкес келеді.

Облыс әкімдігінің ресми сайтына зер салатын болсақ, келесі мәліметті көруге болады. Ауыл шаруашылығы басқармасы жедел жүргізген шаралардың нәтижесінде АШМ-мен келісілген кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік карталары шілде айының басында «АШҚҚҚ» АҚ-ға және «АКК» АҚ-ға ұсынылды. Субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар АШМ-ге жіберілді. Біздің білуімізше, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы басқармасы облыс әкімдігі қызметкерлерінің және облыстық жұмыс тобы мүшелерінің тексерулері негізінде ауылшаруашылық кооперативтерін дамыту бойынша қалалық және аудандық әкімдіктермен жұмыс жүргізуде.

Ия, Өр Алтайдағы ауыл шаруашылығы саласының жағдайы осындай. Көңілде күдіктен үміт басым. Келер жылы да жақсы көрсеткіштерге жетіп, ел экономикасына өз үлесін қосады деген сенімдеміз.

Қазбек Балташұлы

ШҚО

Arasha.kz

 

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>