• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қазақстанда су ресурстарын бағалаудың Халықаралық орталығы ашылды

08 Желтоқсан, 20171710


Қазақстанда су ресурстарын бағалаудың Халықаралық орталығы ашылды, деп хабарлайды arasha.kz. Кеше «Хилтон» қонақ үйінде Қазақстандағы су саясатының ұлттық саяси диалогы туралы кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар, трансшекаралық су туралы конвенцияның хатшылығының басшысы Франческа Бернардини, Орталық Азия елдерінің сарапшылары, халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Отырыста Орталық Азия елдерінің трансшекаралық су ынтымақтастығын нығайту бойынша ұсыныстар, сондай-ақ Қазақстанда су ресурстарын бағалау бойынша халықаралық орталығының ашылуы талқыланады. Кеңесте Орталық Азиядағы су саясаты саласындағы өңірлік диалог туралы жаңа бастама қарастырылды, ол 2018 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенциясының Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясына ұсынылатын болады. Министрлік баспасөзінің таратқан мәлімдетесіне сәйкес, ауыл шаруашығы министрлігі өкілдерінің айтуы бойынша,Астанадағы офистің ашылуы өңірлік диалогтың тиімділігін арттыруға және су проблемалары бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту бойынша тағы бір қадам болды. Орталықтың Қазақстандағы қызметі өңірлік және жаһандық су проблемалары бойынша халықаралық ғылыми орталыққа айналуға мүмкіндік береді және әлемдік қауымдастыққа өз үлесін қосады, деп атап өтті.

Ескерте кетейік, Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенциясы (Су конвенциясы) 1992 жылғы 17 наурызда Хельсинкиде (Финляндия) қабылданып, 1996 жылы күшіне енген. Қазақстан 2000 жылғы 23 қазанда аталған конвенцияға қосылды, сондай-ақ Орталық Азия елдерінен Конвенцияның тараптары (стороны) қатарына Ресей, Өзбекстан және Түркіменстан енді. Су Конвенциясы, оның орындалуын жеңілдету үшін бірқатар қосалқы механизмдерімен пайдаланады, соның ішінде Халықаралық суды бағалау орталығы (ХСБО). ХСБО – су ресурстарын басқару мәселесі бойынша ғалымдар мен саясаткерлерді біріктіру мақсатында, Су Конвенцияның Тараптары (Совещание Сторон) жиналысының екінші сессиясының шешімімен құрылған.

Су саясатының ұлттық диалогы (ССҰД)- Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдеріне арналған Еуропалық Одақтың (ЕО) Су бастамасының іске асырудың негізгі құралы болып табылады. Ұлттық диалогтың мақсаты – сумен жабдықтау және санитария мәселелерін, сондай-ақ су ресурстарын кешенді басқаруды қамтитын су саясатын реформалауға жәрдемдесу. Қазақстанда Ұлттық диалог(ССҰД) процесі 2012 жылы басталды. ССҰД қызметін және басшылығын, консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылған, ведомствоаралық үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ВҮК) орындайды. Ведомствоаралық үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасымен құрылған. Жалпы, ведомство аралық үйлестіру кеңесінің жұмыс органынының функцияларын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асырады.

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>