• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Бұл қалай болғаны Әсет мырза? "Алдымен Тәуелсіздік" деп сөз беріп едіңіз ғой

11 Желтоқсан, 20176660


Астана дейтін әйдік шаһардың әкімі Әсет  Исекешев, өткенде жұрт алдында  Жаңа жылға дайындықты тек Тәуелсіздік мерекесінен кейін ғана бастайтынын айтқаны есімізде. "Ой, бәрекелді" дестік, біз. Тәу етер Тәуелсіздік күнін басқа-басқа Астананың айрықша атап өтер жөні бар.

Сенбесеңіздер, Әсет мырзаның әкімиятының сайтында бұл ақпараты әлі тұр. Желтоқсандағы мерекелік даталарға даярлықтың арнайы тәртібі бекітілген.

«Жаңа жылдық шыршаларды Тәуелсіздік күнін атап өткен соң, 18 желтоқсаннан бастап орнатамыз деп жоспарлаған едік. Кейбір жекелеген нысандар шырша орнатып, оны безендіре бастады. Бұған қатысты наразылық білдіргендер бар. Тәуелсіздік күні еліміздің басты мерекесі болғандықтан, басымдылық сол мерекеге беріледі», - деген. Бұл әкім Әсекеңнің өз сөзі еді. Алып-қосқанымыз жоқ.

Сөйтсек, Астана Жаңа жылды тойлауды әзірден-ақ бастап кетіпті. Астананың халық ең көп жиналады деген орындары жасыл шыршалармен безендіріліп үлгерген екен. Жұрт жапатармағай әлгі шыршаның түбінде суретке түсіп, әмпей-жәмпей, мәз-мейрам.

Есесіне, "stan.kz" дейтін сайт, ЕлордадаТәуелсіздік күніне қатысты белгі я ескертпе жоқ деп жазады.

Бұл қалай, болғаны Әсет мырза? Әйтеуір ұққанымыз - Әсет мырзаның сөзіне пысқырып жатқан жұрт жоқ, Астанада.

Тәуелсіздік күніне дайындыққа 12-желтоқсаннан бастап кірісеміз деген әкім Әсеттің басқаруындағы Бас Шаһардың Жаңа жылды тойлауды бастап кеткеніне жол болсын дедік.

Жә, Ресей секілді алпауыт империяның бұғауынан босап, азаттық алған елдер арасында жаңа жылға дәл Қазақстандай құрмет көрсететіндері некен саяқ-ау.  Болса да өз ретімен, аспай-таспай, шығын шығармай тойлауға бейім көпшілігі. Ал бізде ше? Ұлан – асыр той. Қып-қызыл шығын.

Алайда,  қаншама жыл санаға сіңген жаңа жыл, біреулер үшін тәуелсіздіктен биік болып тұрғанын өзге қалаларды қайдам, Астананы жаймен аралаған адам сезе қоярына бәс тігеміз...  Астана әкімі бұйрықпен ештеңе өндіре алмас, тек тәуелсіздіктің арқасында байыған, билікке жеткен шенеуніктер ойланып, алды-артына қараса ғана бір жетістікке жететініміз анық. Әйтпесе бәрі бекер шаруа болама деген қауіп бар.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>