• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

АҚ АЛТЫН – ОҢТҮСТІКТІҢ БРЕНДІ

07 Желтоқсан, 20173160


Оңтүстiк Қазақстан облысының шаруалары 328 мың тонна мақта жинады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 41 мың тоннаға артық. Орташа түсiмдiлiгi гектарына 24,5 центнерден жиналған «ақ алтынның» 196,6 мың тоннасы, яғни 60 пайызы машинамен терiліп, мақта алқаптарында 500-ден астам комбайн теру жұмыстарын жүргiздi. Бүгiнде жиын-терiм науқаны толығымен аяқталды.

Елiмiз бойынша «ақ алтынның» 100 пайызы Оңтүстiкте өндiрiледi. Ал, мақта дақылын өсiрумен облыстағы 10 ауданның шаруалары айналысады. Елімізде мақта дақылы экспорттық маңызға ие болғандықтан егiс көлемi жылдан-жылға артып келедi. Мәселен, биыл Оңтүстiкте 134,6 мың гектар жерге шиттi мақта егiлсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 мың гектарға артық. Көктемнiң кеш түсуi мен ауа райының қолайсыздығына байланысты биыл мақта теру жұмыстары қараша айының 20-сына дейiн созылды.

Мақта елiмiздегi экспорттық басымдыққа ие дақылдардың қатарында. Сондықтан мақтаның сапасын жоғарылатуға ерекше мән берiлген. Бүгiнде Оңтүстiк шаруалары жаңа технологияларды қолдану мен iзденiстiң арқасында мақта талшығының 10 сұрыбын жасап шығарған. Мақтаның мұндай элиталы сұрыптарының түсiмдiлiгi гектарына 38-40 центнерге дейiн жетедi. Бүгiнде Оңтүстiк Қазақстанда өндiрiлетiн мақта талшығының жоғары сұрыптары Ресей, Белоруссия, Германия, Латвия, Молдова, ҚХР, Бельгия, Иран, Украина, Италия және Оңтүстiк Корея сынды 10 мемлекетке экспортталуда. Жыл басынан берi аталған елдерге 30 мың тоннаға жуық мақта талшығы жөнелтiлген.

Мақта шаруашылығын қолдауға мемлекет тарапынан ерекше назар аударылған. Мақта дақылын өсiру үшiн тыңайтқыштар мен гербицидтерге мемлекет тарапынан субсидия берiледi. Одан бөлек, егiлген мақтаның әрбiр гектарына 15 мың теңгеден, ал, қайта өңдеу үшiн өткiзiлген «ақ алтынның» әр тоннасына 6 мың теңгеден қаржылай қолдау көрсетiледi. Бүгiнде мақта шаруашылығын қолдау үшiн субсидиялар таратылуда. Жыл басынан берi облыс бойынша 134,6 мың гектарға 2 миллиардқа жуық, қайта өңдеу кәсiпорындарына өткiзiлген 140 мың тонна «ақ алтынға» 833 млн. теңге субсидия төленген.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>