• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО: ФЕРМЕРГЕ КӨМЕК, ЕЛГЕ КӨМЕК

07 Желтоқсан, 20172900


Биыл Қазақстан Фермерлер одағының құрылғанына 15 жыл толып отыр. Осы мерейлi мереке қарсаңында Оңтүстiк Қазақстан облысында ғылыми-конференция ұйымдастырылды. Облыстық Фермерлер одағы мен ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған алқалы жиынға республикалық фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Дәрiнов, «Атамекен» кәсiпкерлер палатасы облыстық филиалының директоры Асқар Әбубәкiров пен өңiрдiң барлық аудандарынан 600-ге жуық фермер қатысты.

Агроөнеркәсiп кешенiнiң дамуына кедергi болып отырған өзектi мәселелердi анықтап, фермерлерге барынша қолдау көрсетуді мақсат еткен жиында халықты сапалы сапалы азық-түлiк өнiмдерiмен қамтамасыз ету жайы сөз болды.

Кездесу барысында мемлекеттiк қолдаулардың қолжетiмдiлiгi, ауыл шаруашылығы кооперативтерiн құру, суармалы және жайылым жерлердiң көлемiн ұлғайту сынды көкейкестi мәселелер талқыланды. Облыстың түкпiр-түкпiрiнен жиналған фермерлер осы бағытта өздерiнiң талап-тiлектерi мен ұсыныстарын жеткiздi.

Мәселен, сарығаштық фермерлер жанар-жағармай бағасының күн санап шарықтап бара жатқандығына алаңдаса, мақтааралдық диқандар бақша дақылдарына да субсидия берiлсе деген ұсыныстарын айтты. Ал, түркiстандық шаруалар агросаланы қаржылай қолдайтын «Агробанк» құрылса дейдi. Конференцияда айтылған барлық ұсыныс фермерлер одағында сарапталып, жауапты мемлекеттiк органдарға хатпен жолданатын болады.

Шара соңында агроөнеркәсiп кешенiн дамытуда белсендiлiк танытып, еселi еңбегiмен көзге түскен өңiр фермерлерi Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң «Ауыл шаруашылығы саласының үздiгi» төсбелгiсiмен және Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бүгiнде елiмiздiң 8 облысында Фермерлер одағының филиалдары мен 5 облысында өкiлдiктерi жұмыс iстейдi. Одаққа 10 мыңнан астам фермерлер бiрiккен. Ал, ҚР Фермерлер одағының облыстық филиалы 2012 жылы құрылып, содан берi шаруалар мен фермерлерге қолайлы жағдай жасау үшiн жүйелi жұмыстар атқарып келедi. Одақтың әрбiр ауданда төрағалары сайланған.

Жыл басынан берi облыстық фермерлер одағының ұйымдастыруымен барлық аудан-қалаларда көшпелi жиындар өткiзiлдi. Онда шаруаларды мазалайтын мәселелер айтылып, оны шешу бойынша ұсыныстар мен талап-тiлектер тыңдалған. Ұсыныстардың барлығы билiк органдарына хатпен жолданды. Одан өзге Фермерлер одағының ұйытқы болуымен агросалаға жаңа технологияларды енгiзу, фермерлердiң құқықтары мен мүдделерiн

қорғау, мемлекеттiк қолдауларды насихаттау бойынша бiрнеше семинар-кеңес пен «дөңгелек үстел» мәжiлiсi ұйымдастырылған.

Конференцияға қатысқан елiмiздiң бас фермерi Әуезхан Дәрiнов облыстық фермерлер одағының жұмысын жоғары бағалап, алдағы iстерiне сәттiлiк тiледi.

 

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>