• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

«ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША САЙРАМДА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН АШЫЛДЫ

07 Желтоқсан, 20172480


Сайрам ауданында алып қойма мен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кешеннiң құрылысы жүрiп жатыр. «Бiрлiк - 4» ЖШС-нiң басшысы Джурат Игамбековтiң айтуынша, Ақсукенттегi бұл қойманың Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерiнде баламасы жоқ. Мұнда 40 мың тонна көкөнiс және жемiс-жидек сақтайтын 8 алып қойманың құрылысы басталған. Қазiрдiң өзiнде 5 мың тонналық 1 қойма  iске қосылған. Бiр ерекшелiгi, қоймада көкөнiс қысы-жазы бiр температурада 9 айға дейiн қаз-қалпында сақталады. Мұнымен шектелмеген кәсiпкер ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кешеннiң құрылысын бастап кеткен. Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын жобаның құны – 2016,7 млн. теңге. Оның 350 млн. теңгесi «Бизнестiң жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберiнде қаржыландырылған. Кәсiпорын 2018 жылы iске қосылған соң 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтiлуде.

Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев «Бiрлiк-4» ЖШС-нiң тың бастамаларына ризашылық бiлдiрiп, жобаға қолдау көрсетуге дайын екенiн жеткiздi.

— Елiмiзде көкөнiс пен жемiс-жидек өсiру жақсы жолға қойылып келедi. Ендi сол өнiмдердi өңдеп, кептiрiлген жемiс шығару iсiн жандандырған жөн. Жобаңыз толық аяқталған соң осы жерде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер мен кәсiпкерлердiң семинарын өткiземiз. Шетелден серiктес табуға, экспорттауға қолдау көрсетiледi, — дедi Жансейiт Қансейiтұлы.

Осы iссапарында облыс әкiмi «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие алып, жұмысын бастаған Ұлықбек Ирсалиевтiң мал бордақылау алаңы мен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекпен қамтылған Ұлбала Балабекованың тiгiн цехына барды. Жұмыс iстегiсi келетiн азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетiлетiнiн айтты.

Бүгiнде аудан кәсiпкерлерi 100 мың тонна сүт, 19,9 мың тонна ет өндiрген. Он айда шағын мал бордақылау алаңдарының саны 103-ке жетсе, 46 отбасылық сүт фермасы ашылған. 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>