• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО: ӨНДIРIСТI ӨРКЕНДЕТУ БАСТАМАЛАРЫ ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

07 Желтоқсан, 20173100


Оңтүстік Қазақстан облысының әкiмi Ж.Түймебаевтың қатысуымен Қазығұрт ауданындағы «Отырабат-Құрылыс» серiктестiгiнiң газобетон блогын шығаратын өндiрiс орны  iске қосылды.  Индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған кәсiпорын жылына 12 мың шаршы метр газобетон блогын шығаратын болады. Облыс әкiмi Жiбек жолы мен «Батыс Еуропа —  Батыс Қытай» дәлiзiнiң бойында орналасқан ауданда өндiрiстi өркендету қажеттiгiн айтып, мұндай бастамаларды қолдайтынын жеткiздi.  

Сондай-ақ, облыс әкiмi Қазығұрт ауданына жасаған сапары  барысында  жылына 25-30 тонна тәттi өнiм шығаратын кондитерлiк цехта болды. Өңiр басшысы 10 адамды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсiпкер Гүлзия Бейсебаеваның жұмысын оң бағалады. 

Мұнан соң құрылысы жүрiп жатқан «Сапа — 2002» серiктестiгiнiң  құны 275 млн. теңге болатын мал бордақылау кешенiн аралады. Өңiрде ет экспортын дамытуды қолға алған серiктестiк төрағасы Н.Әшiров шаруашылық жұмысымен таныстырды. Мұнда салмағы 90-95 келi тартатын 4,5 мыңға жуық қазақтың асыл тұқымды қылшық жүндi құйрықты қойы мен меринос қойы өсiрiлуде.

Өңiр басшысы осы аптада  «Soldatos» ЖШС-нiң бас директоры А.Шынтаевты қабылдады. Грекиялық NIOVI S.A компаниясы құрылтайшысы саналатын аталмыш компания келесi жылы Мақтаарал ауданында сағатына 200 тонна асфальт-бетон өндiретiн зауыт салмақ. Аудандағы индустриялық аймақта салынатын зауыттың жобалық құны 1 млн. АҚШ долларын құрайды.

Апта соңында облыс әкiмi Сайрам ауданында болып, жылына 280 тонна саңырауқұлақ сатып пайдаға кенелген кәсiпорынның жұмысымен танысты. Одан кейiн аудан еңбеккерлерiнiң «Алтын күз» мерекесiне қатысты.

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>