• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ҚАЗЫҒҰРТТА 10 МЫҢ ҚОЙ БОРДАҚЫЛАЙТЫН КЕШЕН АШЫЛДЫ

07 Желтоқсан, 20172730


Қазығұрт ауданындағы «Сапа – 2002» серiктестiгi құны 275 млн. теңге болатын мал бордақылау кешенiнiң құрылысын жүргiзiп жатыр. Мұнда қазақтың салмағы 90-95 келi тартатын асыл тұқымды қылшық жүндi құйрықты қойы мен меринос қойы өсiрiлуде.

Шаруашылықтың жұмысымен таныстырған серіктестік басшысы Нұржан Әшіров ет экспортын дамытуды қолға алып жатқанын атап өтті. Осы ретте, Жансейіт Түймебаев өңдеу өнеркәсібіне көңіл бөлу керектігін айтып, малды тірідей сатудан бөлек, оның етін терең өңдеп сату мәселесін де қолға алуды ұсынды. «Түрлі тағамдарға арнайы дайындап, етті шетелге экспорттауға болады. Бұл қай жағынан алып қарасақ та тиімді», - деген өңір басшысы аудан әкіміне кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Бүгінде мұнда құны 275 млн. теңге болатын мал бордақылау кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазір оның 170 миллионы игеріліп, 6,5 мың қой сиятын алаңның құрылысы біткен. «Сапа – 2002» ЖШС-нің басшысы Нұржан Әшіровтің айтуынша, бүгінде мұнда 4,5 мың қой бордақыланып жатыр екен. Алдағы уақытта жылына 1 мың тонна жоғары сапалы қой етін өндіруді мақсат етіп отырған шаруашылық жоба толық аяқталса, бұл кешенде бір мезгілде 10 мың қойды бордақылауға мүмкіндік туатынын айтуда.

Сондай-ақ, мұндағы қозы етіне ирандықтар мен арабтар қызығушылық танытса, семіз қойларға Өзбекстан елінен сұраныс бар көрінеді. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде жаңа техникаларға қол жеткізіп кәсібін өткендетіп отырғанын айтқан шаруашылық иесі жұмыспен 120 адамды қамтып отырғанына тоқталды.

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>