• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

МАҚТААРАЛДА АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

07 Желтоқсан, 20172760


Мақтаарал ауданында грекиялық инвестор сағатына 200 тонна асфальт-бетон өндiретiн зауыт салмақ. Аудандағы индустриялық аймақта салынатын зауыттың жобалық құны 1 млн. АҚШ долларын құрайды.

Құрылысы келесi жылы басталатын асфальт-бетон өндiру жобасының инвесторы грекиялық NIOVI S.A компаниясы құрылтайшысы болып келетiн «Soldatos» ЖШС-нiң бас директоры А.Шынтаевты облыс әкiмi Ж.Түймебаев арнайы қабылдап, алдағы жұмысына сәттiлiк тiледi.

Бүгiнде мемлекет тарапынан инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтқан әкiм Оңтүстiктiң экономикалық әлеуетi зор, тұрақты дамып келе жатқан өңiр екенiн атап өттi.

«Аймақ Орта Азия, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерiн байланыстыратын жолдардың қиылысында орналасқандықтан бiзде шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндiрiс дамып келедi. Сондай-ақ, облыста 11 индустриялды аймақ пен жеңiл өнеркәсiп бағытындағы бiр арнайы экономикалық аймақ бар. Облыста инвестиция тарту және инвесторларға «бiр терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететiн аймақтық даму институттары жұмыс iстейдi. Институттар кәсiпкерлерге кеңес бередi, сондай-ақ қаржылық және инфрақұрылымдық көмек көрсетедi» дедi өңiр басшысы.

Өз кезегiнде сөз алған компания басшысы бұған дейiн ауданда мобильдi асфальт зауытын iске қосып, Қызылқұм ауылдық округiнде орналасқан жолдарға асфальт төселгенiн жеткiздi. Сонымен бiрге ол екiншi желiсiн келер жылдың жаз айында аяқтауды жоспарлап отырғанын атап өттi.

«Soldatos» ЖШС-нiң инвесторлары Мақтаарал ауданындағы жобадан бөлек, Сарыағашта сағатына 150 тонна, ал, Түркiстан қаласында сағатына 200 тонна асфальт-бетон шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр.

Айта кетейiк, ауданда сыртқы инвестициядан бөлек, iшкi инвестицияның есебiнен өңдеу зауыты, гигиеналық заттар мен полиэтилен шығаратын өндiрiс зауыттарының жобалары да жүзеге аспақ. 38 гектар жердi алып жатқан ауданның индустриялды аймағында жұмыс iстеп тұрған «Береке» мақта зауытынан басқа, мұнда келер жылы 4 жоба iске асырылады деп жоспарлануда

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>