• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҢТҮСТІКТЕ ФЕРМЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

08 Желтоқсан, 20171860


Биыл Қазақстан Фермерлер одағының құрылғанына 15 жыл толып отыр. Осы мерейлi мереке қарсаңында Оңтүстiк Қазақстан облысында ғылыми-конференция ұйымдастырылды. Облыстық Фермерлер одағы мен ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған алқалы жиынға республикалық фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Дәрiнов, «Атамекен» кәсiпкерлер палатасы облыстық филиалының директоры Асқар Әбубәкiров пен өңiрдiң барлық аудандарынан 600-ге жуық фермер қатысты.

Жиын барысында мемлекеттiк қолдаулардың қолжетiмдiлiгi, ауыл шаруашылығы кооперативтерiн құру, суармалы және жайылым жерлердiң көлемiн ұлғайту сынды көкейкестi мәселелер талқыланды. Облыстың түкпiр-түкпiрiнен жиналған фермерлер осы бағытта өздерiнiң талап-тiлектерi мен ұсыныстарын жеткiздi. Мәселен, сарығаштық фермерлер жанар-жағармай бағасының күн санап шарықтап бара жатқандығына алаңдаса, мақтааралдық диқандар бақша дақылдарына да субсидия берiлсе деген ұсыныстарын айтты. Ал, түркiстандық шаруалар агросаланы қаржылай қолдайтын «Агробанк» құрылса дейдi. Конференцияда айтылған барлық ұсыныс фермерлер одағында сарапталып, жауапты мемлекеттiк органдарға хатпен жолданатын болады.

Бүгiнде елiмiздiң 8 облысында Фермерлер одағының филиалдары мен 5 облысында өкiлдiктерi жұмыс iстейдi. Одаққа 10 мыңнан астам фермерлер бiрiккен. Ал, ҚР Фермерлер одағының облыстық филиалы 2012 жылы құрылып, содан берi шаруалар мен фермерлерге қолайлы жағдай жасау үшiн жүйелi жұмыстар атқарып келедi. Одақтың әрбiр ауданда төрағалары сайланған. Жыл басынан берi облыстық фермерлер одағының ұйымдастыруымен барлық аудан-қалаларда көшпелi жиындар өткiзiлдi.

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>