• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

«ЫРЫСТАН» ҚОЛДАУ ТАПҚАН КООПЕРАТИВ

07 Желтоқсан, 20172640


Жуырда Сарыағаш ауданы Ынтымақ елдi мекенiнде «Ақтөбе - ЕА» ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативi сүт қабылдау бекетiн ашты. Ендi ауыл тұрғындары сиырларының сүтiн осы бекетке әкеп өткiзедi.

Сыйымдылығы 2000 литрдi құрайтын сүт қабылдау бекетi мен рефрижератор көлiгiн копператив мүшелерi «Ырыс» микроқаржы ұйымынан жылдық мөлшерлемесi 5,5 пайызбен 11 100 000 теңгеге сатып алды. Несиенi 1,5 жылдан кейiн төлеу қарастырылды. Кооператив төрағасы Фархат Елтайұлы мұндай жеңiлдiктiң шаруалар үшiн өте тиiмдi екенiн айтады. Кооператив айран-сүт өндiрушi «Фудмастер» компаниясымен келiсiмшарт түзiптi. Агроқұрылым ауыл тұрғындарынан сүттiң литрiн 85 теңгеден сатып алып, «Фудмастерге» 95 теңгеге өткiзедi. Талап бойынша сүттiң майлылығы 3,5 пайыздан төмен емес және күнiне 500-800 литрден кем болмауы керек. Ал, үстiнен көретiн 10 теңгенi сүт қабылдайтын және тасымалдайтын 4 қызметкерге айлық есебiнде бередi. Сонымен қатар, Ақмола облысындағы «Есiл» компаниясымен екiжақты меморандумға отырыпты. Нәтижесiнде, мамыр, маусым, шiлде айларында кооператив мүшелерi Ақмола өңiрiне қырыққабат пен картоп жөнелтедi. Ол жақтан келерде бидай әкеледi. Қолма-қол ақшаға сатып алады немесе бартер жасайды. Бұдан бөлек, кооперативтiң иелiгiнде 2000 тонналық көкөнiс сақтау қоймасы бар. Ол жартылай жердiң астында орналасқандықтан ондағы көкөнiстер -15 градуста да үсiмейдi. Кооператив төрағасының айтуынша, қойманың базардағы азық-түлiк бағаларын тұрақты ұстап тұруда маңыздылығы үлкен. Айта кету керек, Сарыағаш ауданы бойынша жыл басынан берi «Ырыс» МҚҰ арқылы 427, 435 мың теңгеге 154 жоба қаржыландырылды.

Жалпы, осы уақытқа дейiн аталмыш қаржы ұйымы арқылы 28,5 млрд. теңгеге 15 956 жоба қолдау тапты. «Ырыстың» көмегiнiң арқасында өңiрiмiзде жаңадан 13 697 жұмыс орны ашылды. Ал, биылғы жылдың 9 айлық көрсеткiшiне келсек, жыл басынан берi ұйым 5 465,3 млн. теңгеге 2110 жобаны қаржыландырды. Жыл соңына дейiн тағы да 2 300 жобаға қаржылай көмек көрсетiледi. Сонымен бiрге, Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы аясында 900 млн. теңге қаражат тартылуда және бұл қаржы жыл аяғына дейiн толық игерiлiп бiтпек. Ұйымның жарғылық капитал мөлшерi бүгiнгi таңда 5,7 млрд. теңгеге тең.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>