• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСЫЛ АЙМАҒЫ – ОНЫҢ ЖАСЫЛ ҚОРҒАНЫ

08 Желтоқсан, 20173070


Шымкент республикадағы үшiншi мегаполис қалаға айналып келедi. Оған басты себеп халқының саны жыл сайын көбейiп, экономикасының арта түсуi болса керек. Қала тұрғындарының өмiр сүру ортасы мен демалу аймағын жақсарту мақсатында оның айналасында жасыл аймақ құру өзектi мәселе болып отыр. Мамандардың айтуынша, 1 гектар орман екпелерi бiр жылда 18 миллион текше метр ауаны тазартады. Жыл бойы көтерiлген шаңды басады және зиянды газдарды өзiне сiңiрiп, әртүрлi аурулар қоздыратын бактерияларды жояды. Сондықтан да қаланың жасыл аймағын оның жасыл қорғаны деуге болады.

Облыс әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 6 наурыздағы №57 қаулысымен құрылған Оңтүстiк Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қала халқының жайлы демалуы мен тынығуына қолайлы жағдай жасаумен айналысады. Осы мақсатқа орай бұл мекеме ағаш-бұта көшеттерiн отырғызып, күтiп-баптау мен қорғау жұмыстарын жүргiзедi. Бұл үшiн «Жасыл аймақ» КММ-ге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмiнен – 1000 гектар, Бадам орман қорғау мемлекеттiк мекемесiнен – 1564 гектар орман алқабы және Шымкент қаласының жер учаскелерi бекiтiлiп берiлдi. Бекiтiлген жер аумағының 25 гектарына әртүрлi ағаш-бұта көшеттерiн өсiру үшiн орман тұқымбағы ұйымдастырылды.

Қазiргi таңда осы тұқымбақтың 2 гектарында қарағаш, үйеңкi, шаған, сәндiк ағаш, айнала өсетiн сеппе көшеттер өсiрiлiп, бапталуда. Сонымен қатар, 1000 келi еменнiң, 600 келi талшынның, 200 келi өрiктiң, 200 келi бадамның, 50 келi боз аршаның дайындалған тұқымдары тұқымбаққа себiлу үстiнде.

Жасыл аймақ ретiнде бекiтiлген жер учаскесiнiң 4989 гектарына қарағаш, емен екпелерi, ал, 50 га жерге алма, алмұрт, алқоры, шабдалы сияқты жемiс ағаштары отырғызылды. Өткен жылы күзде оның алдыңғы жылдары отырғызылған 1010 гектар мәдени орман екпелерiне толықтыру жұмыстары жүргiзiлдi

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>