• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

“ШАТҚАЛ” БАҒДАРЛАМАСЫ ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

08 Желтоқсан, 20173200


Облыс әкiмдiгiнiң тапсырмасымен көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған орай облыс орталығында демалыс аймағын жасау үшiн 25 гектар шатқал бекiтiлiп берiлдi. Алғашқы кезде 2000-дай қарағай, шаған, үйеңкiнiң көшеттерi отырғызылды. Осыған байланысты көгалдандыру жұмыстарын ары қарай тиянақты жалғастырып, күтiп-баптау шараларын жүргiзуге, күзетуге 16 қарауыл және 25 жұмысшы штаттық бiрлiгi бөлiндi.

Мекемедегi орман күзетiнiң қызметкерлерi жыл басынан берi осында демалушылар мен тұрғындар арасында ормандағы өрт қауiпсiздiгi қағидаларын кеңiнен түсiндiрiп, өрттен сақтану жөнiнде үнпарақтар таратты және әңгiмелер өткiздi. Мекеменiң құрамындағы екi орманшылықтағы төрт учаскеде жасыл аймаққа кiретiн жол бойлары мен бекеттерде мамандар мен орманшы-қорықшылар тарапынан күнделiктi кезекшiлiк ұйымдастырылды. Ал, тұрғындарға арнайы өрт қауiпсiздiгi бойынша нұсқамалар берiлiп отырады.

Мекемеде өрттiң алдын алу және өрттi дер кезiнде сөндiру мақсатында өрт химиялық стансасы құрылған. Бұл стансаның жеке құрамы 8 өрт сөндiрушiден жасақталған. Оларға әртүрлi өрт сөндiру құрал-саймандары мен техникалар бекiтiлiп берiлген.

Орман алқабының айналасына өрт ұшқыны таралып кетпеу үшiн енi 7 метр келетiн 90 шақырым ұзындықта минералдық жолақтар жасалды. Ал, бұрынғы жасалған минералдық жолақтарды құрғақ шөптен тазартып, жаңалау мақсатында 390 шақырым ұзындықтағы минералдық жолақ күтiмге алынды. Жоғарыда көрсетiлген өртке қарсы кешендi шараларға байланысты онымен айналысатын мамандарға, орманшы-қорықшыларға қойылған қатаң талаптардың арқасында биыл жасыл аймақта өрт болған жоқ.

Алдағы кезде де «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қаланың экологиялық ахуалын жақсартуда маңызы мол жасыл аймақта орман екпелерiн молайтып, оны қорғауға қомақты үлесiн қоса бередi.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>