• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО: “ЖАС КӘСІПКЕР” ЖАСТАРҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

08 Желтоқсан, 20174340


«Жастарды қолдау «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының басты назарында» атты тақырып аясында Аймақтық коммуникациялар қызметінде брифинг өтті.

Шараға «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының (АИО) Басқарма төрағасының орынбасарлары Ақмарал Қансейіт және Тимур Абильдинов, сондай-ақ, «Ырыс» микроқаржы ұйымы директоры Данияр Арынғазин қатысып, іске асырылғалы отырған жаңа «Жас кәсіпкер» бағдарламасымен таныстырды.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының түп мақсаты халыққа арналғанымен, соның ішінде жастарға деген үлесі басым. Бұл орайда мемлекеттік ұйымдардың жастарға деген қолдауы өте маңызды. Соны ескере келе, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы жастарға қолдау білдіре отырып, оларды кәсіпкерлік әлемімен танысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында «Жас кәсіпкер» бағдарламасын іске асырғалы отыр» - деді Басқарма төрағасының орынбасары А. Қансейіт.

Айтуынша, бағдарламаның басты мақсаты және міндеттемелері жастардың бизнес бастамаларын қолдау, жастар арасында жұмыссыздықты азайту және олардың бастамаларын дамытуға жағдай жасау болып табылады.

«Жас кәсіпкер» бағдарламасы байқау аясында жүзеге асырылатын болады. Байқау 2017 жылдың желтоқсан айында өткізіледі. Конкурс нәтижесінде 2 млн. теңгеге қаржыландыру үшін 50 жоба іріктелініп алынады. Жобалар біздің еншілес ұйым «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылады. Жобалар 7 пайызпен 2 млн. теңгеге дейін қаржыландырылады. Қаржыландыру мерзімі 60 айға дейін, ал жеңілдетілген мерзімі – 9 айға дейін.

Қаржыландыру үшін кепіл зат ретінде 2 гарант яғни кепілгер немесе 1 кепіл зат талап етіледі. Байқауға кез келген бизнес идеясы бар 18 және 29 жас аралығында азаматтар қатыса алады. Қатысушыларға келесі шарттар қойылады: -бизнес жобаны дайындап тапсыру; -бизнесті басқару бойынша оқу сертификатына ие болу; -ОҚО-да тіркелген тұрғын.

Бағдарламаның конкурсына қатысуға аймақтың дамуына пайдасы бар кез-келген бизнес ұсыныстар , оның ішінде экономиканың жаңа және басым салалары қабылданады. Өтінімдер «Ырыс» МҚҰ-ның Несие бөлімінде қабылданып, сараптама жүргізіледі және ОҚО әкімдігі, Нұр Отан партиясы, Атамекен кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құралған комиссияның қарауына тапсырылады.

Жобалардың жүзеге асырылуы барысында оларға мониторинг жасалып, жас кәсіпкерлерге компания тарапынан барынша көмек және қолдау көрсетілетін болады.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>