• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҢТҮСТІКТЕ БИЫЛ 5000 ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ

08 Желтоқсан, 20172440


Халықтың әлеуметтiк жағдайын көтерудiң негiзгi алғышарты – баспана мәселесi. Кезiнде елiмiздiң тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Қолжетiмдi баспана–2020» бағдарламасы қабылданғанымен, халық оның игiлiгiн толықтай көрдi деп айту қиын. Себебi, кезекте тұрған баспана сұраушылардың қарасы ұзын. Халқымыз «Үйi жоқтың күйi жоқ» деп бекер айтпайды. Оны қолжетiмдi ету үшiн соңғы кезде елiмiзде арнайы бағдарламалар жүзеге асырылуда.

 Елiмiзде қолға алынған «Нұрлы жер» бағдарламасының негiзгi бағыты – несиелiк үйлер құрылысына қолдау көрсету. Олар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ арқылы берiледi. «Нұрсәт» шағынауданындағы 3-кластық баспананың шаршы метрi 140 мың теңгенi құрайды. Бұдан бөлек, Шымкент қаласында қазiргi уақытта «Самұрық Қазына» және «Бәйтерек» ұлттық компаниялары да тұрғын үй құрылыстарын жүргiзуде. Бұған мысал ретiнде Төлеметов көшесiндегi үйлердi айтуға болады. Сонымен қатар, жеке инвесторлардың көмегiмен де салынып жатқан үйлер бар. Бұлардың барлығы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» жүйесi арқылы халыққа тиiмдi бағамен таратылады. Егер жеке инвестор үйдi өз есебiнен салатын болса, оларды қандай да бiр қолдайтын арнайы бағдарламалар қарастырылған. Мәселен, үй құрылысын жүргiзуге банктен несие алса, мемлекет жеке инвестордың шығынын азайту үшiн субсидия бередi. Бұл – ертеңгi күнi үйдi сатып алушының шығынын азайтуға бағытталған шара.

Оңтүстiк Қазақстан облысында 2017 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша пайдалануға берiлген тұрғын үйдiң жалпы көлемi 526 мың шаршы метрдi (5246 пәтер) құраған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 20,9 пайызға артық. Ал, Шымкент қаласында биыл жалпы аумағы 302 мың шаршы метрлiк 5 мыңнан астам пәтер ел игiлiгiне берiлмек. Бұл туралы ОҚО өңiрлiк коммуникациялар қызметi ұйымдастырған баспасөз турында Шымкент қалалық құрылыс бөлiмiнiң басшысы Әбiлсейiт Рабаев мәлiмдедi.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында облыста құрылысы жоспарланған 231 нысанның жыл соңына дейiн 115-iн пайдалануға тапсыру межеленген. Ал, ағымдағы жылдың басынан 1 қарашаға дейiн 61 нысан пайдалануға тапсырылған. Қалған 54 нысан жыл соңына дейiн пайдалануға берiлмек. Сондай-ақ, Шымкент қаласында биыл 201 тұрғын үйдiң құрылысы жүргiзiлуде.

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>