• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҢТҮСТІКТЕ “НҰРЛЫ ЖЕР” БАҒДАРЛАМАСЫ ОҢ ЖЕМІС БЕРУДЕ

08 Желтоқсан, 20173700


Шымкентте жалпы құны 22,5 млрд. теңгеге 46 тұрғын үй салынуда. Оның iшiнде әкiмшiлiк-iскерлiк орталығында 32 (арендалық –16, несиелiк –16) тұрғын үй салынуда. Бұдан бөлек «Шымкент сити» шағынауданында 14 тұрғын үйдiң құрылысы жүргiзiлiп жатыр.

Ал, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Ақылбек Қоспановтың айтуынша, аталған банк жүйесi бойынша биыл өңiрде 982 пәтер пайдалануға берiледi. Ал, 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Шымкент қаласында 2500-ге жуық пәтер салу жоспарланған.

– Қазiргi таңда облыс бойынша 57 мыңға жуық салымшымыз бар. Олардан жинақталған сома 27 млрд. теңгеден асады. Баспана алудың тәртiбi бойынша конкурстан өткен салымшы үйдiң жалпы құнының 30 пайызын жинақтауы керек. Қалған 70 пайызын банк 5 пайыздық мөлшерлемемен 6-15 жылға дейiн несиеге бередi, – дедi А.Қоспанов.

Айта кету керек, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламалары бойынша халыққа тұрғын үйдiң қолжетiмдiлiгiн арттыру барысында пайыздық мөлшерлемелер 5 пайыздан да төмендеп отыр.

Тұрғын үйдiң құны банк салымшылары үшiн шаршы метрiне – 140 мың теңге. Бұл – 3-кластық баспананың бағасы. Ал, екiншi класты жайлылық үшiн шаршы метрiне 180 мың теңге төлеуге тиiссiз. Дегенмен, мұның өзi де баспанаға деген сұранысты толығымен жаба алмайды.

– Қазiргi таңда облыс орталығында бес категория бойынша 33 мыңдай азамат үй кезегiнде тұр. Сараптама нәтижесi көрсеткендей, кезек күтiп тұрғандардың барлығын баспанамен қамтамасыз ету үшiн бiзге жыл сайын 3 мыңнан астам коммуналдық және 4 мың шамасында несиелiк баспана салу керек, – дедi Шымкент қаласы тұрғын үй қатынастары бөлiмiнiң басшысы Мәлiк Әбдiнұров.+

Шымкентте құрылыс қарқынын арттыруға мүмкiндiктер жетерлiк. Қалалық әкiмдiк құрылыс салушылармен, соның iшiнде шетелдiк инвесторлармен де белсендi жұмыстар жүргiзуде.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>