• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

08 Желтоқсан, 20173150


Облыстық қаржы басқармасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiне орай салтанатты басқосу өттi.

Басқосуды ашқан облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Исмайлбек Шалабаев жалпыхалықтық мерекеге айналған атаулы күннiң тарихи маңызына тоқталды. Әрі Оңтүстікте кәсіпкерлікке қолдау көрсету деңгейі жоғары екендігіне тоқталып өтті.

Мұнан соң басқарманың бөлiм басшылары Асқар Жұманазаров, Қуатбек Омаров баяндама жасап, ел Президентiнiң Тәуелсiз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттiк дамудың даңғыл жолына түсу тарихындағы, экономикалық дағдарыстың алдын алудағы, елдiң саяси, әлеуметтiк дамуындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегi көшбасшылық рөлiне жан-жақты тоқталды.

Жалпы, желтоқсан айында қалың жұртшылық қастерлi де қасиеттi және ерекше саяси мәнге ие екi мерекенi атап өтедi. Оның бiрi – Тұңғыш Президент күн болса, екiншiсi – Тәуелсiздiк мерекесi.

Аңғарған адамға егiз ұғым iспеттес бiр-бiрiнен ажырағысыз бұл атаулы оқиғалардың түп тамырында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың бастауымен егемендiгiмiздi айдай әлемге танытып, мойындатқан, дамыған экономикасы бар айдынды да айбынды Қазақстан атты тәуелсiз мемлекетiмiз тұр.

Салтанатты шарада Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi өңiрлiк жобалық кеңсе жетекшiсi Бақытжан Әшiрбеков Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мән-маңызына, ұлттық сананың жаңғыруы, бәсекелiк қабiлет, ұлттық бiрегейлiктi сақтау, бiлiмдi дамыту, ұлттар достығын нығайту мәселелерiне тоқталды.

Елiмiздiң бүгiнгi саяси, әлеуметтiк-экономикалық, iшкi-сыртқы келбетiн Елбасынсыз көзге елестетудiң өзi мүмкiн емес. Оған тарих та, халық та әдiлеттi бағасын әлдеқашан берiп қойған. Тұңғыш Президент күнi халқымызды тар жол, тайғақ кешуден, небiр бұралаң жолдардан қантөгiссiз, жаһандық қауiп-қатерлерден дiн аман-есен алып шығып, әлемде саяси салмағы бар Қазақстан мемлекетiн құрудағы кемеңгер де, дара көшбасшымызға құрмет, бүкiлхалықтық жеңiс ретiнде ұлықталады. 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>