• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҢТҮСТІКТЕ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 2 МЛН ТЕҢГЕ НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

09 Желтоқсан, 20172390


Желтоқсан айында кәсіп бастағысы келетін жастарға 2 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Бұл бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың арнайы тапсырмасы бар. Игі бастаманы «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы... «Ырыс» микроқаржы ұйымының мүмкіндігін пайдалана отырып, іске асырады. 7 пайыздық несиеге қалай қол жеткізуге болады? Тиімді тұстары қайсы? Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде сала мамандары айтып берді.

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көп. Әсіресе, жас бизнесмендер үшін мүмкіндік зор. Елбасының тапсырмасы негізінде кәсіп бастағысы келетіндерге оңтайлы жобалар ұсынылуда. Соның бірі – «Жастарды қолдау».

Игі жобаның негізгі мақсаты – жастар арасында жұмыссыздықты жою. Тиімді деген жобаларды қолдау.

«Жас кәсіпкер» бағдарламасы байқау форматында өтеді. Желтоқсан айында ұйымдастырылатын конкурста 50 жоба іріктелмек. Үздіктерге «Ырыс» микроқаржы ұйымы 2 миллион теңгені 60 айға дейінгі мерзіммен 7 пайызбен ұсынады.  

Айтып өтейік, аталған қаржыға қол жеткізу үшін кепілдікке мүлік ұсынылады. Екі адам сенімді өкіл болуы тиіс. Байқауға кез-келген бизнес идеясы бар 18-29 жас аралығындағы түскейлік азаматтар қатыса алады. Ендеше іс басқару жөніндегі сертификатыңыз бен бизнес жоспарыңызды ұсыныңыздар дейді сала мамандары.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>