• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҚО: ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ САҚТАЛУЫ ТИІС

08 Желтоқсан, 20172770


Отырар ауданында  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша семинар-кеңес өтті. Еңбек заңнамаларының сақталуы жөнінде сөз болған кездесу жиынға Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Алмасбек Мамытбеков, білім және ғылым қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Маханова Замира, аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш, аудандық кәсіподақ ұйымдарының басшылары, мен білім және денсаулық саласының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында ОҚО еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың Отырар ауданы бойынша жетекшілік ететін мемлекеттік еңбек инспекторы Баяндиев Мадияр 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмысы жөнінде баяндама жасады. Ол өз баяндамасында мемлекеттік еңбек инспекторларының БАҚ құралдарында жарияланған түсіндерме мақалалары түрлі семинар-кеңестер мен кездесулер өткізу нәтижесінде азаматтар тарапынан түсетін арыз-шағымдар өткен жылдармен салыстырғанда біршама азайғанын атап өтті. Кездесуде жиынға қатысушылар еңбек заңнамасына байланысты сауалдарын қойып, оған мамандар тарапынан тұщымды жауаптарын берді. Сондай-ақ, жиында әрбір қызметкердің заңдық құқықтары жан-жақты түсіндірілді.

Семинар-кеңесті қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш жиынға қатысушыларды алда келе жатқан мерейлі мерекемен құттықтап, еңбек заңнамасында көрсетілген міндеттерді түсіндіру үшін ауданымызға арнайы келген қонақтарға көпшілік атынан алғыс білдірді.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>