• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҢТҮСТІКТЕ ӘЛЕУМЕТТІК САУДА ОРЫНДАРЫ КӨБЕЙМЕК

09 Желтоқсан, 20172270


Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында ауыл шаруашылығы өнімдерін ешбір делдалсыз сататын әлеуметтік базарлар жұмыс істей бастады. Сауда орындарына жергілікті жердегі ірі қожалықтардан ауыл шаруашылығы өнімдері тікелей жеткізілуде. Диқандардан сауда жасағаны үшін ақы алынбайды. Соның арқасында халық көп тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстауға мүмкіндік туды.     
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес барлық аудандар мен ауыл округтерінде әлеуметтік дүкендер мен базарлар ашу тапсырылған болатын. Берілген тапсырмаға орай бүгін аудан орталығында аудан әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік азық-түлік дүкені ашылды.

Жеке кәсіпкер Ербол Пазылбековтің халық игілігі үшін ашқан сауда орнында күнделікті тұтынатын тауарлар бағасы нарықтағы бағамен салыстырғанда 15-20 пайыз төмен сатылуда. Сонымен қатар, жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың да тауарлары арнайы әкелініп, халыққа ұсынылды.

Аталған сауда орталығының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасарлары Рыскелді Әліш, Пердехан Жаппарқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев және тиісті сала басшылары арнайы қатысты.

Мұндай халық игілігі үшін маңыздылығы айрықша әлеуметтік дүкендер алдағы уақытта өзге де ауыл округтерінде ашылмақ.

Әлеуметтік сауда орындары күнделікті жұмыс істейді. Бүгінге дейін Түлкібас, Төле би, Түркістан мен Сарыағаш аудандарында 10 әлеуметтік дүкен мен сауда қатары ашылды. Соның арқасында жұртшылық көп тұтынатын азық-түліктің 19 түрі бойынша баға тұрақты.           

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>