Шәуілдірде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызметтермен тиісті көмек көрсететін Отырар ауданы әкімдігінің «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-нің жанынан Күндізгі қатынау бөлмесінің ашылу салтанаты болды.
Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулыәлеуметтік қызмет көрсету» стандартына сәйкес, Отырар ауданында мұндай жобалардың жүзеге асу көрсеткіші жоғары деңгейде.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу, болашаққа деген сенімдерін арттыру мақсатында өткен шарада бөлімшенің лентасын аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов қиды. «Елбасымыз халыққа арнаған әр Жолдауында әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөліп келеді. Міне, Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі ашылып отырған күндізгі қатынау қызметінің балаларға берер көмегі мол деп есептеймін. Өйткені олардың қоғамға етене араласып, өзгелермен тіл табысуларына, өмірге деген құштарлықтарын арттыруға оң септігін тигізбек» деген аудан әкімінің орынбасары бөлімшенің алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Заманауи жабдықтармен қамтылып, арнайы мамандармен толыққан жаңа бөлімшенің ашылуы балалармен қатар олардың ата-аналарын да ерекше қуантты.
Үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің ұйымдастырушылық үлгілері АҚШ, Ұлыбритания, Ресей елдерінің үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі ұйымдастырушылық үлгілері анықталды.
Мәселен, Қазақстан Республикасының арнайы әлеуметтік қызметтері туралы Заңына және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартына сәйкес патронаттық күтім шеңберіндегі көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтер тізімі анықталды.