• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОТЫРАРДА ФЕРМЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

09 Желтоқсан, 20171080


Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бекіткен кестесіне сәйкес Отырар аудандық фермерлер одағының конференциясы болып өтті. Қазақстан фермерлер одағы ОҚО филиалының директоры Жүсіп Шәріпов ашып жүргізіп отырған жиынға шаруақожалық төрағалары, фермерлер мен кәсіпкерлер және сала мамандары қатысты.

Жиында сөз алған Облыстық Кәсіпкерлер палатасы Агро өнеркәсіп кешені бөлімінің бірінші дәрежелі сарапшысы А.Алибаев фермерлер одағының құрылудағы негізгі мақсатына тоқталып ондағы көрсетілген бірқатар тарауларды алға тартты.

Сондай-ақ Қазақстан фермерлер одағы республикалық бірлестігі басшысының орынбасары Ж.Өмірзақов мемлекет тарапынан жасалынып жатқан көптеген жеңілдіктерге қол жеткізу үшін ұсақ шаруаларды өзара біріктіріп, кооператив құру жайында баса айтты.

Жиын соңында көтерілген мәселелерге байланысты көпшілік тарапынан сауалдар қойылып, сала мамандары жан-жақты тұшымды жауаптар берді. Шаруалар ұсынысын мұқият тыңдаған аудан әкімінің орынбасары Р.Әліш алдағы таңда нәтижелі жұмыс күтетіндігіне сенім білдіріп, кооператив құрудың маңыздылығы мен одан күтер жеңілдіктер туралы айтып, келген қонақтарға алғысын жеткізді.

Айта кетерлігі, бүгінде фермерлер одағының еліміздің 8 облысында филиалдары мен 5 облысында өкілдіктері жұмыс істейді. Одаққа 10 мыңнан астам фермерлер біріккен. Ал ҚР Фермерлер одағының облыстық филиалы 2012 жылы құрылып, содан бері шаруалар мен фермерлерге қолайлы жағдай жасау үшін  жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Одақтың әрбір ауданда төрағалары сайланған. Жыл басынан бері облыстық фермерлер одағының ұйымдастырумен барлық аудан-қалаларда көшпелі жиындар өткізілді.  Онда фермерлерді мазалайтын мәселелер айтылып, оны шешу бойынша ұсыныстар мен талап-тілектер тыңдалған.  Ұсыныстардың барлығы билік органдарына хатпен жолданды. Одан өзге Фермерлер одағының ұйытқы болумен агро саладаға жаңа технологияларды енгізу, фермерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, мемлекеттік қолдауларды насихаттау бойынша бірнеше семинар-кеңестер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылған.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>