• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ТӨЛЕБИДЕ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ – САНИТАРЛЫҚ САРАПТАМА САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

09 Желтоқсан, 20172020


Осыны басшылыққа алған Төлеби аудандық ветеринария бөлімі «Ветеринарлық – санитарлық сараптама саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» атты тақырыпта аудандағы тиісті сала мамандарымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Жиында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Қ.Қожамжаровпен бекітілген 2017 жылғы арналған «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  бойынша кешенді Жоспардың» 2 бөлімі 10-тармақшасын ауданда жүзеге асыру барысы бойынша сөз қозғалды. Сонымен қатар, ветеринария саласы бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуді оңайлату, мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң бұзушылықтарды болдырмау жолдары талқыланды.

ҚР АШМ ВБжҚК Төлеби аудандық аумақтық инспекция басшысы С.Есенқұлов – ветеринария саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында бекітілген стандартпен регламентте көрсетілгендей қызметті алушы құжаттар топтамасынан бөлек қосымша құжаттар сұратуға болмайтындығын және ондай орын алған жағдайда ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына қайшы әрекет екендігін баса ескертіп айтып өтті.

Дөңгелек үстелге ҚР АШМ АӨК МИК Төлеби аудандық аумақтық инспекция басшысы Б.Тұрғынбеков, Леңгір қалалық аумақтық инспекция басшысы Ұ.Заурбеков, ҚР АШМ ВБжҚК Төлеби аудандық аумақтық инспекция басшысы С.Есенқұлов, Леңгір қалалық аумақтық инспекция басшысы А.Даулетбаев, ҚР АШМ ВБжҚК Төлеби аудандық зертханасының бас маманы Д.Талипов, аудандық ветеринария бөлімінің мамандары, «Төлеби ауданының ветеринарлық қызметі» МКК-ның директоры М.Мелдебеков және мамандары мен ветеринариялық бекет меңгерушілері қатысты.

Ал, ветеринария бөлімінің басшысы О.Сүттібаев – ветеринария саласының имиджін көтеру үшін заң талаптарын мүлтіксіз орындап, Әдеп кодексінің, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмаудың барлық амалдарын қолданып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуды қатаң тапсырды.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>