• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ОҢТҮСТІКТЕН СОЛТҮСТІККЕ КӨШКЕНДЕР КӨБЕЙДІ

09 Желтоқсан, 20171620


Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы халқы тығыз орналасқан аймақтарының бірі саналады. Осыған байланысты өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында  халықты  жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге көшіру  жұмыстары жалғасып келеді.

Павлодар облысынан келген делегация мүшелері Төлеби ауданында болды. Мақсаты: «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде еңбек ұтқырлығын арттыру үшін халықты солтүстік және шығыс өңірлерге ерікті қоныс аударуға үгіт-насихат жүргізу. Топ құрамында Заут Болат – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының басшысы;  Ермекбаев Орда Қайыржанұлы – Ақсу қаласы, Қалқаман ауылдық округінің әкімі; Алшимбаева Маржан Қадырқызы – Екібастұз қаласы, Солнечный ауылдық округінің әкімі; Әбікен Жеңіс Сартайұлы – Ақсу қаласы, Қызылжар ауылдық округінің әкімі; Комашева Жанар Советқызы – Май ауданы, Малайсары ауылдық округінің әкімі; Шакирбекова Айгерім Ерікқызы –  Екібастұз қаласы әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы болды.

Төлебидің ауыл-аймағын аралап, халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру жұмыстары жөнінде баяндалған жиындарда – Солтүстікке көшу жөнінде шешім қабылдаған азамат мемлекет тарапынан ұсынылған басымдықтарға ие болатыны айтылып, сондай-ақ жалпы жеңілдіктерге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының басшысы Заут Болат ҚР азаматтары, оралмандар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылатынын, сонымен қатар Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау көшуіне және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беруді қамтитынын атап өтті.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>