• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ТӨЛЕБИДЕ МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

09 Желтоқсан, 20171480


Төлеби ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің көшпелі отырысы өтті.         

««Қоғамдық медиация институтын дамыту және жаңа әдістерді енгізу» тақырыбында өткен жиынға облыстық Қазақстан халқы Ассамбмлеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, облыстық медиация Кеңесінің мүшесі Хасан Шаұлы Бациев пен Төлеби аудандық соттың судьясы Берік Сейтжанұлы Кәрім, прокуратура мен ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты. Жиынға кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, аудан, ауыл әкімдіктерінің медиация саласына жауапты қызметкерлері де арнайы шақырылды.            
Басқосуда сөз алған облыстық облыстық Қазақстан халқы Ассамбмлеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов өңірімізде медиация желісін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, «Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында медиация желісін дамытуды ассамблеяға жүктеген болатын, бүгінде өңірдегі медиаторлардың ықпалымен былтырғы жылы 4 мыңнан астам іс бойынша тараптар ортақ мәмілеге келсе, биылғы жылдың 8 айында 3207 іс сотқа дейінгі тәртіппен шешілді» - деп мәлімдеді.
Медиация және құқық орталығының басшысы, кәсіби медиатор Эльмира Есимбетова: «Дауласушы тараптар бір мәмілеге келейік деп шешсе, медиаторлар бұл мәселені екі жаққа бірдей тиімді етіп шешудің барлық жолын қарастырады, медиаторға сотқа дейін де, сот кезінде де, сот шешім шығарып болған соң да – кез келген уақытта жүгінуге кеш емес екендігін біле жүріңіздер»,- деді.
Жиынға қатысушылар дауласушы тараптарды бітімгершілікке бастайтын медиация институтын дамыту жайлы ой-пікірлерін ортаға салды.     

Еркін форматта өткен басқосуда этносаралық татулықты нығайту, қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайындағы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері мен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы қаралып, аудан жастары дін, жастар саясаты, жұмыспен қамту, білім, кәсіпкерлік саласына қатысты өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, көкейлерінде жүрген сауалдарына сала мамандарынан тұшымды жауаптар алды.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>